Базарда сақ болыңыз!
20 сентября 2021
Бетін ары қылсын. Өрт бола қалса, базардағылар бас сауғалай ала ма? Елордалық құтқарушылар сауда орындарындағы қауіпсіздік талаптарын тексеріп, рейд ұйымдастырды. Айналдырған тоғыз айдың ішінде 18 оқиға тіркелген. Қызыл жалынның кесірінен шағын бизнес өкілдері миллиондаған шығынға батуда. Берік Байғара супермаркеттердегі өрттің салдары мен жанып кеткен мүліктің құнын кім төлеп беруі керек екенін біліп қайтты.