Базарлар бос қалды
5 мая 2021
«Қасықтап жиған клиенттеріміз қашып кетті!» Ақтөбеде тағы бір базардың сатушылары шу шығарды. Олар қарызданып-қауғаланып алған тауарлары бүлініп жатқанын айтты. Ол аздай, базарға келушілердің саны бұрынғыдан 80 пайызға күрт азайып, күнделікті табыстан қағылғанына ашулы. Садуагерлердің кәсібі неге тұралады? Әшейінде ығы-жығы халық жүретін «Алматы» базарында саудагерлерден басқа жан адам жоқ. Ол осыдан үш жыл бұрын ашылған. 25 сауда орнынан бөлек, жазғы павильон да жұмыс жасап келіпті. Алайда, бір жылдан бері базардағылардың берекесі қашқан. Жиналғандар бар кінәні жол жөндеп жатқандардан көріп отыр.