Алматыда апатқа ұшыраған «Бек Эйр» ұшағының екінші пилоты бақилық болды. Мейіржан Молдақұловтың жағдайы кенеттен нашарлап, «жедел жәрдем» шақыртқан. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Марқұм 21 қаңтарда ғана ауруханадан шығарылған еді. Ал ішкі істер министрлігі оның өліміне не себеп болуы мүмкін екеніне болжам жасады. Ал депутат Азат Перуашев, ұшақ апатына премьер министр мен бас прокурордың назар аударуын сұрады. Халық қалаулысы полицейлер кінәні ұшқыштарға итере сала ма, деген күдігі бар екенін де жасырмады.
Bek Air апаты: Екінші пилоттың өліміне не себеп?
Дата: 29.01.2020