Бекболат Тілеухан мәжілістен кетті
29 декабря 2021
Бекболат Тілеухан өз еркімен Мәжілістегі орнын босатты. Парламентте ең ұзақ отырған шенеунік кетіп бара жатып, осыған дейінгі саяси көзқарастары еш өзгермейтінін айтып қалды. «Артық айтқан сөзім, жаза басқан жерім болса, айып етпеңіздер» деп көп алдында экс-әріптестерінен де кешірім сұрады. Үнемі елдің назарынан түспейтін Бекболат мырзаның қызметтен кетуі де артынша шуға ұласты. Ары қарай «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі тарқатсын.