Бір адам көз жұмып, 200-ден аса жан жараланды. 3 күннен бері Беларусь жеріндегі қақтығыстар тыйылмай тұр. Жұрт сайлау нәтижелеріне наразылық білдіруде. Ел Президенті Александр Лукашенко мұны сырттан ұйымдастырылып отырған арандату әрекеті деп баға берді. Тіпті, қай елдерден ондай хабар келіп жатқанын ашық айтты. Кей ақпарат көздері Лукашенконың Түркияға аттанғанын айтуда.
Беларусь: Бір адам көз жұмып, 200-ден астам адам жараланды
Дата: 12.08.2020