2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Бес балалы отбасының үйі өртеніп кетті

Алматы облысында ерлі-зайыптылар бес баласымен лашықта түнеп жүр. Талғар ауданының Еламан ауылында тұратын көпбалалы отбасының баспанасы ойламаған жерден отқа оранған. Далада қалған жанұяның жағдайын білуге жергілікті әкімдік өкілдері келмепті. Ал өрт шыққан күні шырт ұйқыда жатқан жандарды көршілері құтқарып қалған. Ішерге тамағы мен киерге киімін де тасып, қолұшын созып отырған да осы көршілері екен.

X