Құрдастарымен ойнауға кеткен жеткіншекті көршісі аяусыз өлтіріп, денесін құмырсқа илеуінің үстіне тастап кеткен. Қаскөй баланың тамағына бес рет пышақ сұққан екен. Шығыс Қазақстан облысындағы Зубовск ауылында тіркелген жайт тұрғындардың төбе шашын тік тұрғызды. Аядай елдімекендегі айуандық әрекет 29 тамызда болған. Жеті жастағы Эдуард Жилиев сол күні із-түссіз жоғалып кеткен еді. Марқұмның денесін полицейлер мен еріктілер екі күн іздеп, елдімекен маңындағы тау етегінен тапқан. Күдікті бұл әрекетін алдын-ала жоспарлаған дейді тәртіп сақшылары. Ал бүгін ауыл адамдары баланың денесін жер қойнына тапсырды.
Бес рет пышақ сұққан: Жеті жасар баланы көршісі аяусыз өлтірді
Дата: 01.09.2020