Бесіктегі сәби тірідей жанып кетті
18 февраля 2021
Қызылордада жер үй өртеніп, бір жасар сәби көз жұмды. Бесікте жатқан бала тірідей жанып кеткен. Қайғылы оқиға бүгін түнгі бірлер шамасында облыс орталығындағы Кызылжарма шағынауданында болған. Отқа оранған баспанадан анасы мен төрт қызы шығып үлгеріпті. Ал 2019 жылы дүниеге келген шарананың не себепті іште қалып қойғаны әзірге белгісіз. Қазір тілсіз жаудың анық-қанығы мен неден тұтанғаны тексеріліп жатыр.