10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Беташарға миллион шашты: Карантинде үйленген жұлдыздар

Індет өршіген өңірлерде той мен отбасылық отырыстар әлі де тыйылар емес. Мобильді топтар күн сайын тексеріс жүргізгенімен,   нәтижесі шамалы. Екінші толқын жақындаған сайын сақтанғанның орнына,  керісінше  үйленем деушілердің саны көбейіп барады.   Әсіресе, әншілерге әй дейтін ешкім болмай тұр. Бұл қатарға енді атақты спортшылар да қосылды! Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

АЙБЕК НҰҒЫМАРОВ , «ӘЛЕМ БАРЫСЫНЫҢ» ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ
«Қазіргі уақытта кімнен, қайда жұққанын біле алмай отырмыз. Бірақ та сақтану шараларын қолданбағаннын кесірінен біраз азаматтармен кездескен болармыз.»

Әлем барысының екі дүркін чемпионы Айбек Нұғымаровтың биылғы маусым айында берген сұхбаты бұл.  Індет «менен де айналып өтпеді» деп, халықты тәртіпке бағынып, сақтық шарасын сақтауға шақырған еді. Алайда аурудан айыққан соң, палуан вирустың барын ұмыта бастаған көрінеді.

Дегенмен, дүркіретіп той өткізген семейліктер бірден СЭС мамандарының назарына ілігіпті. Енді вирустың қызыл аймағында орналасқан шығыс жұрты шектеу шарасын пысқырмағандары үшін  әкімшілік жауапкерлікке тартылады.

«Келіннің бетін ашайық, қошемет құрметті ағайын»

Ал бұл әнші Қуандық Рахымның шаңырағындағы той.  Эстрада жұлдызы қолына көптен күткен құсын қондырыпты.  Қуанышына сахна саңлақтарының бәрін шақырған.  Қысқасы,  орындаушының өзі айтпақшы…

«Проблемалар бар деп, уайымдама сонша, шешіледі бәрі шешілетін болса»

Сөйтіп,  карантиндік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін бар болғаны 83 мың теңге айыппұл арқалапты.   «Сен қорқақсың» әнімен танылған Нұрболлат Абдуллин де тойға барудан  қорықпай, беташарға «миллион» теңге шашыпты…

«Миллион тастайтын кез келді…. ай бәрекелді»

Әбдіжапар Әлқожаның да…

«Саған қолы жете алмай, бәрі бәрі қиналсын… ай азамат»

Серік Ибрагимовтің де

«Ал сәлкм бар ма жұлдыздарға? Бір 50 мың  салшы, Сека, землягыңның тойында! ОО, нәскиден шығарып жатыр. Айнамкөзден тыққан ақшалар ғой мынау»

Қайрат  Нұртастың да тәртіпке түкіргені бар….

«Көздерің  сенің сондай әдемі…»

Бұл  тек бір парасы ғана. Өкініштісі , желіде осы сарындағы видео жетеді. Тамыр-танысының арқасында «әй» дейтін ешкім болмаған соң,  еш қорықпастан тайраңдап жүр, дейді қоғам белсенділері.  Дегенмен, тәртіпке бағынған, құл болмайды…

ЕРСЕЙІТ ӘЛІМҰЛЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ
«Денсаулық қадірін, шын мәнінде өзіміздің қасымызда бірге дәмдес болып, ағайындарымыздың күтпеген жағдайда өлім құшып жатқанын көзіміз көрді.  Айналайын ағайындар-ау, бұлай көптің көкейінде жүрген мәселеге, қалай болса солай, ат үсті қарауға болмайды.»

X