«BIG ШАНХАЙ» ДЫМЫ ҚАЛМАЙ ЖАНЫП КЕТТІ
18 июля 2025
Астана қаласы арайлап атқан ақ таңда күн шапағымен емес, түтін құрсауында оянды. Түн жарымда каладағы ең үлкен базарлардың бірі отқа оранып, түгі қалмай жанып кетті. Биг Шанхай деп аталатын сауда павильонында 250-дей кәсіпкердің бутигі, млрд-таған теңгенің заты бар еді. Тауардан бұрын, зардап шеккен адамдар жайлы ақпарат келіп түсті.







