БИЛЕТ САТАТЫНДАР ҚТЖ БАСШЫЛАРЫН ҚЫСТЫРМАЙДЫ
19 августа 2024
Билеттің бәрі алыпсатарда, кассадағылар не үшін отыр? Жаздыгүні және жаңа жылдың қарсаңында вокзалға барсаң, билет таппайсың, тапсаң екі есе көп төлейсің. Өйткені олар да біреулермен бөліседі екен. Қылмыстық схемасы бар мафия жайлап алған ғой сонда. Кассирдің өзі менде жоқ, анау жігіттерде бар деп жөн сілтейді. ҚТЖ төрағасы Сауранбаевты былтыр видеодәлелі бар әріптесім тығырыққа тіреп еді, есегі судан өткен соң есінен де шығып кетті-ау.