10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Биліктегі ауыс-түйістер

Сондай-ақ, бүгін билік дәлізінде бірді-екілі ауыс-түйістер болды. Дәурен Абаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол Мемлекет басшысының жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалып, ізінше Сенат спикері болып сайланған Мәулен Әшімбаевтың орнына жайғасты. Дәурен Әскербекұлы 2016-2019 жылдар аралығында Ақпарат және коммуникациялар, ал былтырдан бері Ақпарат және қоғамдық даму министрі болды. Оған дейін Президенттің кеңесшісі, Баспасөз хатшысы, Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған. Одан бөлек, «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің мүшелігінде бар Дәурен Абаев, «Qazaq kuresi» Ұлттық федерациясының президенті болып табылады. Жаңа қызметке тағайындалған Дәурен Абаев министр кезінде қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді.

X