Бір атаның балалары бір-бірімен соттасуда
4 января 2022
Дүниеге талас. Бір атаның балалары жер теліміндегі ғимаратты бөлісе алмай 12 жылдан бері ит пен мысықша өмір сүріп келеді. Тіпті осы аралықта бір-бірінің есігінен қарамайтын халге түскен. Мұндай жағдайға алып келген Шымкенттің қақ ортасындағы ғимарат. Нысанның бастапқы құрылысын жүргізген кәсіпкер қайтыс болған. Ал марқұмның балалары мен ағайындарының арасында мұраға байланысты өзара келіспеушіліктер туындап, ақыры араздасудың соңы сот залымен аяқталған екен. Толығырақ «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі баяндайды.