БІР ШАҚЫРЫМЫ ЕКІ МЛРД ТҰРАТЫН ЖОЛ
26 августа 2025
1 шақырымы екі млрд теңге тұратын көше. Ақтөбеде жол азабын тартқандар бас көтерді. Қала іргесіндегі ұзындығы небәрі 3 шақырым жолға бюджеттен бақандай 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлініпті. Мердігер де таңдалған. Бірақ, жұмыс орта жолдан тоқтап қалған көрінеді. Енді, асфальтты күте-күте ашынған халық ақшаның қайда кеткенін анықтауды талап етіп отыр.







