14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Бір тәулікте 600-ге жуық адам коронавирус жұқтырды

Бір тәулікте 600-ге жуық адам коронавирус жұқтырды! Елдегі эпидахуал көңіл көншітпейді.  Соңғы 48 сағатта қауіпті індетке шалдыққандар саны  мыңнан асады. Салдарынан, еліміздегі бірнеше өңірде блок-бекеттер қойылып, қатаң  сақтық шаралары қолға алынуда.  Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Елде  Ковид-19  жұқтырғандар саны күн санап өсуде. Тек өткен тәуліктің өзінде індеттің ілмегіне 591 отандасымыз ілігіпті. Өңірлердегі ахуал ушыққан. Көш басында Шығыс Қазақстан облысы.

Өңірде  соңғы 24 сағатта вирусты  бірден 250 адам жұқтырған екен. Павлодар облысы  68,  БҚО мен Қостанай облысы — 49 , Нұр-Сұлтан  34, Алматы, Ақмола облысы — 30, Солтүстік Қазақстан облысында — 25, Ел бойынша ауырғандар саны  114 826 адам.

Осы ретте  Солтүстік Қазақстан облысында 9 қарашадан бастап қатаң каратиндік шаралар енгізілуде. Мәселен Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданы тұрғындарына туған-туыс, көрші-қолаңға баруғы тыйым салынуда. Батыс Қазақстан облысында да эпидахуал мәз емес. Қазір тәж тұмауын жұқтырған 11 адам жансақтау бөлімінде жатыр екен.

НҰРЛЫБЕК МҰСТАЕВ, БҚО ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«25 жағдайда бұрын ауырған адамдармен қарым-қатынасты болған болса, 16 жағдайда ауруханаға жатқызыған кезде жоспарлы ота аурумен ауруханаға жүігініп ПТР анықталған, медициналық ұйымға жүгінен 3 жағдай. Көп жағдайда  18 зейнеткерлер арасында, жұмыс істейтін 10 жұмыссыздар арасында 10, қалған жағдайда 1/1 адамнан».

Ал, Маңғыстау мен Қызылорда облысында кеше бірде-бір адамнан коронавирус анықталмады.  Дегенмен Қызылорда облысында карантиндік талаптарды орындамаған кәсіпкерлер санында шек жоқ. Мәселен, соңғы  тәулікте өңірде 19 той өткізу фактісі анықталған.

НАУРЫЗБАЙ БАЙҚАДАМОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Күннің салқындауына байланысты тұмаудың белгілері жиелеуде. Әрбір азамат бірден тіркелген емханаға хабраласуын сұраймыз. Ешкімге хабарласпай, жағдайы ауырылап жансақтау бөліміне түсті».

Айта кетейік соңғы уақытта өсім көбейген кей өңірлерде шектеу шаралары қайта қатаңдатылып, санитарлық бекеттер қойылуда. Мәселен Павлодар облысында 9 қаршадан бастап  9  блок-бекет қойылса, Қостанай облысында санитарлық 12 бекет  орнатылмақ.

X