10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Бір тал кессең, 3 млн теңге айыппұл төлейсің!

Бір тал кессең, 3 миллион теңге төлейсің! Елімізде тал-теректі түбімен қопарып, рұқсатсыз қырқатындарға салынатын айыппұл мөлшері артты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, жаңа жазаға қатысты Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге түзетулер әзірленіп қойған. Оған сәйкес, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ағаштарды заңсыз кескені, жойғаны және зақымдағаны үшін өтем ретінде 30 есе көп мөлшерде ағаш отырғызу міндеттеледі. Ал жеке және заңды тұлғалар мен іргелес аумақтағы жасыл екпелерді жойған адам 10 есе көп ағаш отырғызуға мәжбүр болады. Қызыл кітаптың тізімінде тұрған ағашты шапқан адамға салынатын айыппұл мөлшері 3 миллион теңгеге жуықтайды.

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ: «Соңғы уақытта елдімекендерде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою және зақымдау фактілері болғаны белгілі. Осыған байланысты, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы заңбұзушылықтар үшін жазаны қатайтуға бағытталған бірқатар шараны пысықтады. Қазақстанның Қызыл кітабына енген әрбір заңсыз кесілген ағаш үшін зиянды өтеу мөлшерін 6 айлық еептік көрсеткіштен, 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды».

X