Бір жыл бұрын салынған үйлер қирап жатыр
4 мая 2021
Талдықорғандағы коттеджді қалашықта салынған тұрғын үйлердің сапасы жыл өтпей жатып, сыр беруде. Тіпті, қатты желге төтеп бере алмай, қабырғалары ажырап, түсе бастаған. Дәл қазір 5 бірдей үйдің өңі қашып, жан-жағы ашылып, шашылып жатыр. Бұл арендалық баспаналарды жергілікті әкімдік инвестордан 13-16 млн теңге аралығында бағалап, сатып алған екен. Ал, оның сапасына тұрғындардың көңілі толмайды. Өйткені, жылдап кезекте тұрып, әрең дегенде қол жеткізген үйіміз өзімізді басып қалмаса, болғаны, деп отыр.