Ал Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің жағдайы орташа ауыр. Сырқаттанып, ауруханаға түскен бас дәрігерге коронавирустан бөлек, пневмония диагнозы қойылған. Оның клиникалық хаттамамаға сәйкес, стационарлық ем алып жатқанын және вирусқа қарсы терапияның ойдағыдай өтіп жатқанын министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады. Біртанов, тіпті, ауруханада жатып, коронавирус инфекциясына қарсы күрес штабының жұмысын үйлестіріп отыр екен. Ведомство басшысы қалыпты қызметіне қайта оралғанша, оның міндеттерін вице-министр Ляззат Ақтаева атқарады.
Біртановқа пневмония диагнозы қойылды
Дата: 16.06.2020