Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та вирус жұқтырды. Министрде жұқпалы дерт симптомды түрде өтіп жатыр. Қазір ол бас қаладағы стационарда ем қабылдауда. Одан бөлек, инфекция «Әлем барысының» екі дүркін чемпионы Айбек Нұғымаровтан да табылған. «Пандемияны саясат» деп, оның барына сенбеген палуан да қазір ауруханада жатыр. Ал өткен тәулікте індеттің ілмегіне тағы 800 отандасымыз ілігіпті. Көз жұмғандардың саны да бірден 4 адамға артқан.
Біртанов вирус жұқтырды: Үкіметтегілер карантинге кетіп жатыр
Дата: 15.06.2020