«БИРЮК»

Жұма

22:00

«Бирюк» деген лақап аты бар Олег Бирюков – тергеу бөлімінің бұрынғы қызметкері, отставкадағы майор. Он жыл бұрын ол милициядан кетті, қылмыскерді ұстау барысында кепілдегі адам қаза тауып, Бирюк бұл өлімге өзін кінәлі санады. Бірде Олег өзінің алғашқы әйелі Юлядан қаралы хабар алды: олардың ұлы Максим өлтірілген. Әйелімен ажырасқандарына 20 жыл болған, ол кезде баланың жасы 8-де еді. Қазір Бирюктің бөтен отбасы бар, алайда Максим оның жалғыз баласы болатын. Ол әке жолын қуып, полицей атанған.  Максим қаза табатын күні жігіт демалыс күні болғандықтан әйелі Катямен және ұлы Мишамен уақыт өткізіпті. Қаланы аралап жүрген олар инкассаторларға әлдекімдердің шабуыл жасағанын көріпті. Қолында қаруы жоқ Максим бұзақылармен айқасқа түскен. Катяның көзінде банданың бастығы Серый ауыр жарақаттанған Максимнің көзін жойып, ұрланған ақшаларымен оқиға орнынан тайып тұрған. Катя Бирюкке жүгініп, бұзақыларды табуды өтінді. Ол полицияның тапқанын күтіп отырмақ емес, өз көзімен күйеуін өлтіргендердің өлімін көргісі келеді. Бирюк те шешім қабылдады: қолына қару алып, ұлы үшін кек алады...

Шығарылған жылы: 2014

Шығарушы ел: Ресей

Режиссер: Игорь Драка

X