Биыл келмеске кеткен тұлғалар
27 декабря 2021
Өтіп бара жатқан жылда қазақ елі біраз біртуар перзентінен айырылды. Абыз жазушы һәм қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділов, жарты ғасырдан артық елді әнімен әлдилеген Ескендір Хасанғалиев, телевизия тарландары Нұртілеу Иманғалиұлы мен Амангелді Сейітханов бүгінде ортамызда жоқ. «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі биыл келместің кемесіне мініп кеткендер жайлы естелік сюжет дайындады.