10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Биыл желіде «Жаздым, жаңылдым» деген видеолар көп тарады

Биыл тәртіп сақшылары тәртіп бұзған тентектерді тезге салумен ғана емес, оларды камераға түсірумен де әлек болған тәрізді. «Кешірім сұраймын, айыбымды мойындаймын» деген сөздер осы жылы тым көп айтылып кетті. Арасында карантиндік талапқа бағынбағандары, ұлттық аспапты сындырып, рәмізді қор қылғандары, артық сөйлеп, жұрттың ашуын тудырғандары да жетеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Прошу прощение у всех жителей и сотрудникаов полиции. Такого больше не повторится. Для меня это было большим уроком»

Дегенмен өзіне сабақ болса да, полицейлер жылы қабақ танытпады.   Мас күйінде погондыларға аузына келгенді айтқаны үшін  қамауға алды.

«И қойсайшы ее. Қой деймін Бака»

Итті тоңазытқыштың есігіне тұншықтырып, өзін батыр болып сезінген жігіт те кейін полицейлердің қолына түсіп, камера алдында сүмірейіп,  кешірім сұрады.

МАРҒҰЛАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Мына істегеніме барша қазақстандықтадан, атыраулықтардан, ауылдастардан кешірім сұраймын.істеген ісіме өкінемін. Екінші рет онда вообще-вообще қайталанбайды»

«Саламалейкум братва. По моим справкам уже в Алмате зарегистрировано  более 70 случаев»

Братвасына «абайлаңдар» деп сәлемін жеткізген мына алматылық дәрігер жалған сөйлегені үшін жауап берген еді.

«Говорил чтобы друзья мои знали и чуть-чуть испугались. Я признаю свою ошибку»

Көбейтұздың тұзын қабымен тасығандарды озып, көлге көлікпен бір-ақ кіріп өткен азамат та қателік жібергенін мойындады.

«Я большое приношу извинение. Такое обсуждение стало. Мне 40 лет. Я не думал что такое сделаю»

«Осы істің ақ-қарасын білмей, менің сыртымнан сынап-қаралап жатқан ағайынға Алла сабыр берсін»

Ел-жұртты алдап, жалған ұтыс ойынын ұйымдастырған Ернар Айдардың да қалай ақталғанын ұмытпаған боларсыз?  Карантиндік тәртіпке бағынбай, көпшілік алдында кешірім сұраған блогер Жеңіс Омаров та ел есінде.

«Своими дейтвиями я ни в коем случае не хотел призывать к правонарушениям. Каюсь. И прошу всех соблюдать режим карантина»

Қара домбыраны қор қылған мына жігіт те есіңізде болар? Ұлттық аспапты таптаған  азамат та аңдамай басқанын аңғарып, ағынан жарылған еді.

«Извините пожалуйста, казахский народ. За то что я так сделал. Мне реально стыдно. Я не хочу последствий. Мне столько поступает угроз много.»

Құрбысын көк ала қойдай етіп сабаған ақтөбелік оқушы қыздардың  жауыздығына да жұрт шошыған еді.

«Соның бәрі үшін кешірім сұраймын. Мен бәрін айтқан.»

Дегенмен  жұрттың ызасын тудырып, соңында кешірім сұрауына тура келген шенділер де бар.

«Я че первый год здесь замужем что ли? Все нормально если надо организуем. Все давайте голову не морочте мне!»

Халықтың тілінде сөйлеймін деп алматылық бас санитар  дәрігердің  басы дауға қалған еді.

ЕРҒАЛИ СЫДЫМАНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:
«Шынымен бір жерде шалыс бассам, тағы да кешірім сұраймын.  Менің қатемнен кейін әріптестерім мен басқа мемлекеттік орган басшылары осы жағдайдан сабақ алып, сөйлер  алдында ойланады деп үміттенемін»

Осылайша,  тышқын жылы вирус я карантинмен ғана емес, кешірім сұраумен де есте қалатын тәрізді. Әрине, қуанатындай жағдай емес. Бастысы, біреудің аңдамай шалыс басқаны  өзгеге сабақ болса игі.

X