Бизнес орталығындағы былық
27 июля 2021
Елордадағы ірі бизнес орталығындағы кеңсе иелері арнамыздан көмек сұрады. 25 кәсіпкер 22 қабатты нысаннан 2015 жылы шаршы метрлерді қаржыларына сатып алған. Бірақ, бір жылдан кейін кәсіпкерлердің меншігіне елдегі ірі банк иелік ететінін мәлімдеп, оларды сотқа берген. Олардың арасында 900 шаршы метр кеңселерді 95 миллион теңгеге атып алған Сұлтан Далипов та бар. Азамат былыққа қаржы ұйымы мен бизнес орталығының бұрынғы иелері себепкер, дейді. Олар кәсіпке арналған кеңселердің құжаты дұрыс болғанымен, бірнеше қожайынға сатып келогенін айтады. Ал, өзіндей 24 кәсіпкер тек шешілмеген дау-дамайдың ортасында қалып, алданған.