Халықаралық «Болашақ» бағдарламасынан былық шықты. Онда бір емес, бірнеше заңбұзушылық анықталыпты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес агенттігі мәлімдеп отыр. Айтуларынша, «Болашақ» стипендиясының иегерлері туралы жыл сайын жалған деректер көрсетілген. Одан қалды, студенттерді қаржыландыру мәселесінде бірқатар шикілік бар екен. Сонымен қатар, орталықтың топ менеджерлерінің шамадан тыс заңсыз сыйақы алып келгені белгілі болды. Айта кетейік, Болашақ стипендиясын тағайындауда бірқатар өзгеріс енгізіліпті.
«Болашақ» бағдарламасынан былық шықты
Дата: 17.04.2020