Ақтүтек боран елорда көшелерін қар құрсауында қалдырды. Жол апаттары жиілеген. Полицейлер көліктерді қойып, автобустарға көшуге кеңес берсе, төтеншеліктер жұмыс уақытын қысқартуды ұсынуда. Қаладан шығар жолдар тарс жабылып, әуе рейстері кейінге шегерілуде. Бірақ оған қарамай жолға шығуды мақсат еткендермен тәртіп сақшылары барынша күресіп әлек.
Боран: жұмысқа асыққан халық автобусты өзі итерді
Дата: 23.01.2020