ҰБТ тәртібі бұрынғыдан да қиындай түспек
3 февраля 2022
Ұлттық бірыңғай тестілеу тәртібі бұрынғыдан да қиындай түспек. Білім және ғылым министрі ведомстваның аппараттық жиналысында қосымша талаптарды түсіндіре кетті. Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, ҰБТ жылдағыдай электронды форматта өтеді. Басты жаңашылдық – талапкерлерді бақылап отыратын камералар санының көбейетіні. Егер бұған дейін бір ғана камера болса, енді жеке сәйкестендірумен айналысатын және белгілі бір уақыттан кейін компьютерде кімнің отырғанын жазып алатын екінші камера орнатылады. «Бұл тестілеуді кімнің бастап, аяқтағанын және тестілеу кезінде компьютер алдында бір адамның ғана отырғанын білуіміз үшін қажет», — деді министр.