9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Букмекерге ақша тіккен: жас курсанттың өліміне қатысты тың дерек

Букмекерге ақша тіккен! Алматының әскери академиясындағы жас курсанттың өліміне қатысты Ішкі істер министрлігіндегілер осындай дерекпен бөлісті. Ведомоствоның кадр саясаты департаментінің басшысы Айдар Сайтбеков, қайғылы жайтқа кешенді тексеру барысында әлеуметтік зерттеу жүргізілгенін айтты. Оның барысында марқұм Саламат Өтегеновтің өзінің курстастарынан түрлі сомада жиі қарыз алғаны, сондай-ақ букмекерлік конторада онлайн ақша тіккені анықталыпты. Қазір бұл оқиғаны тергеу барысын ішкі істер министр Ерлан Тұрғымбаев жеке бақылауына алған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

НҰРДІЛДӘ ОРАЗ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

«Қазіргі уақытта жүйелі ақша жинауды көрсететін өрескел бұзушылықтар анықталмаған. Сонымен қатар, курсанттар туыстарының оқу орны қабырғасындағы қысым туралы хабарламалары да мұқият қаралуда. Жоғарғы оқу орнын тексеру барысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев оқу процесінің ұйымдастырылуы мен курсанттардың өмір сүру жағдайымен танысты.

Еске салайын, 19 жастағы Саламат Өтегеновтің денесі 13 желтоқсанда Алматыдағы ішкі істер академиясының ас ішу бөлмесінен табылған болатын. Оқиға орнына келген дәрігерлер 3 курс студентін құтқара алмаған. Жас жігіт өз — өзіне қол салғаны анықталды. Марқұмның туыстары оның сол күні ірі сомада ақша сұрағанын айтты.

X