Қалың бұқараның қарғысына ұшыраған «СҚ-Фармация». Қоймаға дәріні тығып, елге уақытылы таратпаған да «СҚ-Фармация». Дәрі-дәрмекке жауапты бірыңғай дистрибьютордың соңына жемқорлыққа қарсы қызмет түсті. Ай соңына дейін олардың қандай да бір экономикалық қылмысқа қатысы бары анықталады. Кезінде Елбасының өзі фармация саласын мафия басқарады деп шүйліккен еді. Енді міне, Тоқаев та ерекше тоқталды. Бәлкім, коронавирус келіп қыспаққа алмағанда, қарапайым парацетамол бар саланың артын ашпағанда, момын қазақ әлі де мойынсұнып жүре берер ме еді?
Былыққа толы «СҚ-Фармация»
Дата: 14.07.2020