0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

ФИНЛЯНДИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАЗАҚСТАНҒА НЕ ҮШІН КЕЛДІ?

«Астана» велокомандасының жейдесі үйімнің төрінде ілініп тұр. Финляндия президенті Бас қалаға алғаш келген сәтін еске алды. Қазақстанға солтүстік Еуропадан арнайы ат басын бұрған қонақтың айтпағы ол емес. Іскерлік серіктестікке серпін беріп, бізбен байланысын еселеуге ынталы. Бүгін Бас қалада Қасым-Жомарт Тоқаевпен іскерлік келіссөз жүргізіп, жан-жақты ықпалдастықты үдете түсуге уағдаласты.

Подробнее...

ЖЫЛУ МӘСЕЛЕСІНЕН ҚҰТЫЛАМЫЗ БА?

Енді, жылу берді ме жоқ па деп, батареяларды ұстап жүрмейсіз. Елімізде ғимараттың жылыту маусымына дайындығын бақылайтын цифрлық жүйе іске қосылады. Осы арқылы қай нысан қысқы маусымға сақадай сай екенін тексеруге болады. Бұл жүйе үй-үйді кезіп, табанынан тозатын комиссияның уақытын 90 күнге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді екен. Сондай-ақ, қақаған қыста жиі тіркелетін апаттардың санын да 25% қысқартады-мыс.

Подробнее...

ЕШКІМ ЕШКІМГЕ ЕШТЕҢЕ БЕРМЕЙДІ

Ешкім ешкімге ештеңе бермейді. Президент жастарға ренішін жеткізді. Үнемі жалақы өсіруді талап етпей, қолдағы бар мүмкіндікті қолданыңдар деп кеңес берді. Бұл — Беларусь Президенті Александр Лукашенконың студенттерге айтқан ақылы. Есесіне, Жаңа Зеландиялықтар аз айлыққа қарап отыра алмаймыз дейді. Елде 300 мыңға жуық мұғалім мен дәрігер ереуілге шыққан.

Подробнее...

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ТҰРПАТТЫ ЕЛ БОЛДЫ

Қазақстан егемендігі нығайтып, жаңа белестерге беттеген сайын, елдің даму бағдары да айқындала түсті. Нақты реформалар жемісін беріп жатыр. Соңғы алты жылда экономика ілгерілеп, инфрақұрылым жаңарды. Кәсіпкерлікті қолдау кеңейді. Ұлт саулығы мен білім саласына бағытталған инвестициялар еселенді. Республика күнінде өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы ел болып еңсерген осы жетістіктер, алда тұрған еңселі міндеттерге тоқталды.

Подробнее...

ОҚУШЫЛАР ӘКІМДІК ҒИМАРАТЫНДА ОҚУДА

Жамбыл облысында бір емес, бірнеше мекеменің басын біріктірген ерекше ғимарат бар. Ол нысанның ішінде — әкім де, мектеп оқушылары да, учаскелік полиция мен кітапханашы да отырады. Тіпті сол жерде балабақша да жұмыс істейді. Алайда қуықтай ғимараттың тарлығы соншалық — мұғалімдерге бөлме жетпей, дәлізде дәріс дайындауға тура келген.

Подробнее...

АЛМАТЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ НЕГЕ ШУ ШЫҒАРДЫ?

Алматының кәсіпкерлері жыларман күйцде жүр. Себебі, «Алматы паркинг» компаниясы олардың сауда жасап, нәпақасын тауып отырған орнын азайтпақ. Өйткені, сауда орталығындағы ол аумақта негізі автотұрақ болуы тиіс екен. Мұны естіген жүздеген кәсіпкер өз клиенттері азайып, табысы кемитінін айтып азар да безер.

Подробнее...

ХӘЛІҢ ҚАЛАЙ, САРБАЗ?

Баласын әскерге жіберіп, тақымын қысып отырған ата-ана болса бері қарасын. Өйткені, отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың өмірінен сыр шертпекпіз. Әскерден жалтарып жүргендергі армияның шынайы кейпін көрсетпекпіз. Сарбаздарды ұрып-соғады деген әңгіме рас па? Олардың темірдей тәртіпке бейімделуі үшін қандай қарекет жасалып жатыр?

Подробнее...

«ЕЛІМ ДЕГЕНДЕР» ЕЛ РУХЫН КӨТЕРДІ!

Өзге ұлт өкілдері қазақша сөйлесе қуанамыз, ал қазақ тілінде ән айтып , эссе жазса ше?! Астанада Республика күніне орай, «Елім дегендер» атты республикалық шығармашылық байқауы өтті. Оның ерекшелігі-еліміздің түкпір түкпірінен жиналған өзге этнос өкілдері өз өнерлерін қазақ тілінде паш етті.

Подробнее...

ЖОЛ АПАТЫНАН 12 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Тас жолда талқан болған тағдырлар! Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты. Арасында 3 жасар бала бар. Сұмдық жол апаты Әйтеке би ауданындағы Белқопа ауылының тұсында болды. Қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның жай-жапсарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Подробнее...

ҚОҚЫСҚА ТОЛЫ ҮЙДЕН БАЛАЛАР ТАБЫЛДЫ

Қоқысы еденнен бөлменің төбесіне дейін жетеді. Атырауда қалдыққа толы, іріп-шіріген пәтерден кішкентай балалар табылды. Таудай үйілген қоқыстың арасында тарақандар қаптап, қолаңса иістен басың айналады. Арнайы киім-кешегін киіп, бет-аузын тұмшалап барған СЭС-тегілердің өзі тұншығып әрең шыдады. Ал тұрғындар қайтып жүр?

Подробнее...
X