2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

КИНО ТҮСІРЕМІЗ ДЕП, БАСТАРЫ БӘЛЕГЕ ҚАЛДЫ

Түсірілім алаңынан тура абақтыға! Алматыда кино түсіру үшін автокөліктің ескі нөмірлерін пайдаланған жүргізушілер бір күнге қамалып, бір жылға куәлігінен айырылды. Ең сорақысы, фильмінің продюсері жаңа жобасы үшін әкімдік пен тәртіп сақшыларының қыр соңынан қалмай алдын ала рұқсатын алған екен. Соның өзін жол сақшылары ескермеді деп азар да безер.

Подробнее...

ТЕГІН ЕМ ТОҚТАТЫЛДЫ

Қатерлі ісікке шалдыққан жандар қиын жағдайда қалды. Өйткені, елімізде науқастарды томотерапия технологиясымен емдеу тоқтатылды. Нақтырақ айтқанда, бұл әдіс кепілдендірілген медициналық көмек тізімінен шығарылды. Осының салдарынан, республикадағы «Үміт» томотерапия орталығы елуден астам науқасты үйіне қайтаруға мәжбүр болды. Онкология жабысқан науқастар енді қайтеді?

Подробнее...

ЕКІ МЫҢ ЕСЕКТІҢ ӘЛЕГІ

Жамбылда екі мыңға жуық есек жайылымды қойып, енді елдің егістігіне ауыз сала бастады. Тұяқты жануарлар қос ауданның өрісін тарылтып қана қоймай, шөбі шүйгін жерді тып-типыл еткен. Қалқанқұлақ аштықтан қырылып жатса керек, өлекселері бірінен соң бірі өзен бойы мен ағып кетіп жатыр.

Подробнее...

ҮШ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТ БЕКІТІЛДІ

Бүгін — Үкімет мүшелері улап-шулап жүріп 3 жылға арналған бюджет жобасын Мәжіліс алдында бекіттіріп алды. Ал, жыр болған жаңа салық кодексінің есебінен қазынамыз қосымша 3 трлн теңгеден астам қаржыға толығады екен. Бұл сома ақсап тұрған салаларға қарай бағытталмақ. Сондай-ақ, экономикаға жауапты министрлер ұзақ жылдан бері биыл алғаш рет Ұлттық қорға қарайламайтындай етіп бюджет жоспарладық деп отыр. Бірақ, кейбір депутаттар Үкіметтің …

Подробнее...

500 БАЛА ҚАЙДА БАРАДЫ?

Қыстың қақаған ызғары мен күздің қара суығында 500 бала қайда барады? Алматыда күрделі жөндеу жұмыстарына жабылған балабақшаның құрылысы әлі аяқталмаған! Әйтпесе, екі қабатты нысан бес жыл бұрын ғана су жаңа етіп қолданысқа берілген еді. Сол маңда тұратын отбасылар перзентін емін — еркін тәрбиешілерге тапсырып, жұмысқа да шығып үлгерген. Бірақ, жеті айдан бері тентіреп жүр. Қазан айында ашылуы керек мекеме әлі …

Подробнее...

ЖҰМЫС КӨП, МАМАН ЖОҚ!

Елімізде бос жұмыс орындары көп, ал халық дайын қызметтің жемісін көруге құлықсыз болып шықты. 20 қазандағы мәлімет бойынша, тек Электронды еңбек биржасының өзінде 65 мыңнан астам вакансия жарияланыпты. Дені жұмысшы мамандықтарына тиесілі. Ал оған екінің бірінің барғысы жоқ. Сонда қайтпек керек?

Подробнее...

ЕУРОПАДА ЖҰМЫС ІСТЕЙМІЗ ДЕП, АЛДАНЫП ҚАЛДЫ

Ұлыбританияда жұмыс істеп, ұшан — теңіз пайдаға кенеліп, елге ұялмай ораламыз дегендер опық жеп қалды. Талайдың сеніміне кірген компаниядағылар жүздеген миллионды қалтасына басып, қайтармай жүрген көрінеді. Шетелде нәпақа тауып, кейін шалқып өмір сүреміз дегендердің әрбіреуінен 700 мың теңге алғандар алаяқ болып шықты ма? Бір емес, үш жыл бойы ақшамды қайтарады деп үміттенгендер арнамызға сұқбат беріп, арызын айтты.

Подробнее...

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН ҚАТЫНАСЫ ҚАЛАЙ ӨРБИДІ?

Қазақстан мен Әзербайжан достық қарым-қатынастың жаңа белесіне шықты. Бүгін Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев — Ильхам Әлиевпен кездесіп, ауқымды жиын өткізді. Қос тарап сан сала бойынша түрлі келісімге келіп, арадағы байланысты нығайтты.

Подробнее...

БАЙЛАНЫС ЖОҚ ЖЕРДЕ WI-FI ҚҰТҚАРАДЫ

Бұдан былай ойда да, қырда да жүріп, еш кедергісіз қоңырау соға аласыз. Келер жылдан бастап елімізде ұялы байланыс ұстамайтын жерлерде Wi — Fi желісі қолжетімді болмақ. Қазақстанда жаңа жүйе — Vo-WiFi технологиясы жаппай іске қосылады. Ал 2027-ші жылға қарай отандастарымыз 100% интернетпен қамтылмақ. Бұл «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру аясында көзделген меже. Бұл көрсеткішке қалай жетеміз?

Подробнее...
X