8:20 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
9:15 Эфирде әрі қарай «ВОСКРЕСНЫЕ БЕСЕДЫ»

Новости

Зорланған қыздардың шешесі шындығын айтты

10 жыл бойы туған әкесі зорлаған қыздарға қатысты тың ақпарат шықты! Кеше ғана бойжеткендердің шешесі ештеңе білмедім деп камерадан тұра қашқан еді. Бүгін бар шындығын жайып салды. Күйеуінің 27 жылдан бергі азғындығына шыдап, бауыр еті балаларын қорғай алмағанына өкініп отыр. Ал бүлдіршіндердің 10 жыл бойы қорлық көргенін былтыр ғана біліпті.

Подробнее...

ҚОРҚЫНЫШТЫ МЕКТЕП

Баласын сабаққа жіберген ата-аналар қорқыныштан көз ашпай жүр! Түркістан облысына қарасты ауылдағы мектептің жартысы жермен-жексен болатын күйде. Оқуға жарамсыз білім ордасының қабырғасы жарылып, едендері қирап жатыр. Оқу жылын соңғы қоңыраудың үнімен емес, айқай-шумен аяқтайтын ұл-қыздар жайлы ғимаратты әлі көп армандайтын секілді. Өйткені облыстағы жауапты шенділер уәдені үйіп-төккенімен, соңында сөзінен тайқып шыға келген.

Подробнее...

ҚОҚЫСҚА ТҰНШЫҚҚАН АУЫЛ

Жергілікті билік неге жарайды? Өмірі жылжымайтын пәтер кезегі мен елге жетпейтін субсидияны айтпағанда. Түркістан облысының тұрғындарынан сұрасаң, түк бітірмейтін әкімдік алдына қоқыс әкеп төгуге жарайды деп жауап қатар еді. Жұрт солай істеп те жұр. Халық әкім ғимаратының алдына тұрмыстық қалдықтарын әкеп төкті. Мемлекеттік қызметкерлердің дәл алдында бұл неғылған полигон?

Подробнее...

Алакөл келе жатыр

Алакөл келе жатыр, ағайын! Жылда демалыста армандап-армандап, жете алмай қала беретін шығыстың маржаны бір күні өзі келіп тұрмаса болды. Өйткені көл көшіп барады. Расында, әзілдейтін жағдай емес, бізге жеткенше ол су талай ауылды жоқ қылуы мүмкін. Жағаны кемірген толқындар шетіндегі ауылдарға қауіп төндіріп тұр. Егер тез арада ернеуін бекітпесе, елдің жағдайы қиын болмақ.

Подробнее...
X