Құжатсыз үй — құтсыз мекен Басыңыздағы баспананың қағаздары жоқ болса, бір күн де тыныш отыра алмайсыз. Ал Түркістан облысында 500-ге жуық адам өз үйлерінің техпаспортын таппай қалды. Бір емес, екі емес, 500 адамның құжаты қайда кетті?
Подробнее...Новости
Әуе билеттері неге қымбат?
Біз Америкадан, тіпті Еуропадан асып түстік! Бір технология, я болмаса тұрмыс сапасы жағынан деп ойлап қалмаңыздар. Сол баяғы қымбатшылық бойынша ғой. Еліміздегі ұшақ билетінің кәрі құрлықпен, құрама штаттармен салыстырғанда екі есе қымбат. Мұны Үкімет басшысының өзі айтып отыр. Сөйте тұра рейстер сағаттап кешігеді, қызмет сапасын көріп жүрсіздер. Бүгін өзі Үкіметтен бастап жер-жерде азаматтық авиацияға шүйлігетін күн ғой деймін.
Подробнее...Қор барда қор болмаймыз
лттық қордың инвестициялық табысын әр баланың болашағына бағыттаудың тетіктері дайын болды, енді оны депутаттар қарастырып жатыр.
Подробнее...ТУҒАН ҚЫЗДАРЫН ЗОРЛАҒАН
Алматы облысында өзінің екі қызын зорлап келген азғын ұсталды. Ол туған перзенттерін 11 жастарынан бастап 10 жыл бойы төсекке тартыпты. Ең жаманы — апалы-сіңлілі жеткіншектер жыламсырап анасынан көмек сұрағанда үндеріңді шығармай, ағайынға қарабет қылмай жүріңдер деп тыйып тастаған көрінеді. Содан қысым көрген қыздар қашып құтылудың амалын қарастырған. Ал өз балаларын зорлаған азғынның бір емес, екі әйелі бар ма, сондай. Анық-қанығы …
Подробнее...ҚАЙЫР СҰРАУҒА МӘЖБҮРЛЕГЕН
Қазір феодалдар жоқ деп кім айтты? Алматыда азаматтарды ұрып-соғып, алақан жайып, ақша табуға мәжбүрлеген. Құл иеленушілер мүмкіндігі шектеулі, үйсіз-күйсіз жүргендерге көз салған. Әуелі жәрдемдесемін деп уәде беріп, артынан табыс көзіне айналдырады екен. Адам сенгісіз ақиқатты қорлықтан қажыған әйел жайып салыпты.
Подробнее...Қайрат Сатыбалды түрмеде жатып қонақ үй сатып алған
Қайрат Сатыбалды түрмеде жатып 5 жұлдызды қонақ үй сатып алды! Бұл жолы тартып алған жоқ, шынымен сатып алды. 6 миллиард теңгеге. Бірақ соның өзінде бұл қаржылық операция заңсыз дейді. Ал атақты нысан жабылып, 160 қызметкер далада қалуы мүмкін. Бұл дауға мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай да куә болды.
Подробнее...4-СЫНЫП ОҚУШЫСЫН ТОҚ ҰРДЫ
Жарық беруші компанияның кесірінен өрімдей ұл аяғынан айырылды. 10 жастағы ер бала есігі ашық тұрған қосалқы станцияға кіріп, мүгедек болған. Жеткіншектің туыстары осылай деді. Жауаптылардың жүгенсіздігіне ашуланған жандар ешкім көмек берген жоқ деп қынжылды. Ал мекеме өкілдері болса есіктің жабық болғанын айтып, ақталуда.
Подробнее...ЖЫН КІРГЕНДЕР КӨБЕЙІП БАРАДЫ
Алматыда жынмен тілдесіп, жоқты көретін жасөспірімдер көбейіп кетті! Құлағына түрлі дауыс естіліп, көзіне елес көрінетін қыз-жігіттер оқыстан ашуланып, агрессив танытатын көрінеді. Шизофрения диагнозы қойылғандардың саны былтырғымен салыстырғанда 25 пайызға артқан. Көбі аурудың атауынан қорқып, ауруханадан қашады екен.
Подробнее...АҚЫН АЙШОЛПАН ІШУДІ ҚОЙДЫ
Ақын қыз Айшолпан ішемін деп сергелдеңге түскен. Тәуелділіктен құтылған ару арнамызға берген сұхбатында өзгелерге ескерту жасады. Қазақтың дәстүрлі өнерімен көптің жүрегін жаулаған нәзік жан арықтататын дәрілерді тұтынып, кейін қатты тұтылғанын жайып салды. Денсаулыққа зияны орасан БАДтар тәуелділікке әкеп соғып, әрең құтылдым деген бұрымды бұқараны сақ болуға шақырды.
Подробнее...ЖАТАҚХАНА ЖОҚ, СТУДЕНТ КӨП
Енді елімізде жатақхана жетпей, саябақ кезіп, вокзалда түнейтін студенттер болмауы керек. Биылдың өзінде 14 жатақхана пайдалануға беріледі екен. Оның 10-ы Алматы қаласында салынып жатыр. Өткен жылы 600 мыңнан астам қыз-жігіттің 100 мыңға жуығына орын жетпей, далада қалған болатын. Ғылым және жоғары білім министрлігі 30 мың студенттің мәселесін 9 айдың ішінде шешіпті. Әлі 55 мың білім алушыны жатақхана мәселесі күтіп тұр.
Подробнее...