Алдағы жылдары жерге жеміс-жидек, киерге киім таппай қалуымыз мүмкін. Бұған батпандаған баға емес, бал арасының жойылып кетуі сеп болады. Омарташылар осындай қорқынышты болжам айтты. Түрлі көкөністің түйнек жарып, көк біткеннің гүлдеуіне көмектесетін жәндіктің саны сағат санап азайып бара жатыр екен. Егер жер бетінен жоғалса, онда адамзатты кесапаты сұмдық катастрофа күтіп тұр!
Подробнее...Новости
ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАЛАЙ?
Ойын орынды жеткізе алмай, сөзін оңынан келтіре алмайтын жастар өсіп келе жатыр. Бұл — оқулықтардағы олқылықтың кесірін осылай түсіндірген ақындардың пайымы. Бұрынғыдай шығарма жазып, мазмұндама тапсырмайтын ұл-қыздардың ойлау қабілеті ұшқыр емес дейді олар. Жалпы еліміздегі 3,5 миллионнан астам оқушы қандай кітаптан білім алып жүр? Оқулықтардың мазмұны мен сапасы талапқа сай ма?
Подробнее...Маңғыстаулықтар мұңы!
Мұнайлы өлкедегі төзімі таусылған тұрғындар талап қойды. Салынғанына жарты ғасырдан астам уақыт болған үйде тұратын жандар түнде ұйықтауға қорқып жүрген көрінеді. Балалары үшін алаңдаған бұқара бір күнде үйінді астында қаламыз ба деп үрейлі. Ал атқамінерлерді бұл жайт алаңдатпай ма?
Подробнее...Электрсіз елдімекен
21 ғасырда жарықсыз бір күн отырып көріңізші?! Астанаға тиіп тұрған Қосшыда бір пәтер емес, бірнеше көпқабатты үй электр энергиясынан мүлде ажыратылуы мүмкін. Телевизор-телефонды айтпағанда, тамақтың өзін тоққа пісіретін астаналықтарға свет жоқ деген ауа жоқ дегенмен бірдей негізі. Сонша адамды қараңғыға қамағалы тұрған кім?
Подробнее...ӘНҰРАНҒА ТҰРМАСАҢЫЗ АЙЫППҰЛ САЛАДЫ
«Жаз болса, жарқыраған көлдің беті» Жайдары мезгіл жақындаған сайын көк шығып, айнала көркейеді, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзып, түн ішінде бақырып, жайғасқан жерінде қақырып отыратындар көбейеді. Артынан күл-қоқсығын шашып кететіні тағы бар. Бір ғана Алматы бойынша соңғы 4 айда 20 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліпті.
Подробнее...ӨЛСЕҢ ДЕ ҚАРЫЗДЫ ТӨЛЕЙСІҢ
Өлген адам сөйлемейді деген бар, ал төлемейді деген бар ма? Банк алдындағы борыш азамат қайтыс болғанда қайда кететінін заңгерлер білмесе, көпшілік іздене бермейді. Қым-қуыт тірлікпен кредит аларда кім ажалды ойлапты? Бірақ мұрагерлікпен бала-шағасына мал-мүлікке қосып қарызын да қалдырып кетіпті деген жақсы нәрсе емес. Өмірден өткен әке-шешенің несиесін бала-шаға төлеуге міндетті ме?
Подробнее...МҰҒАЛІМДЕР СУ ТАСЫП ЖҮР
Жетісулық ұстаздар оқушыларды білім нәрімен ғана емес, тіршілік нәрімен де сусындатады! Педагогтер 200 литрлік бөшкемен суды да өздері тасиды. Онда да елден бұрын ерте барып тасымаса, тазасынан құр қалады. Өйткені мөп-мөлдір су таңда ғана ағатын құдық екен. Мектептің өзіне үш ғасыр болған, сонау 1895-терде салынған, құбыры тартылмаған. Ұялы байланыс та жоқ. Атқамінерлерінің сөзі Мұхтар Әуезовтің «Қырық өтірік» ертегісін жолда қалдыратын …
Подробнее...Елімізде тағы бір қор пайда болады
Елімізде тағы бір қор пайда болуы мүмкін! Құзырлы органдар мемлекетке шетелден қайтарылған заңсыз активтерді ортаға жинамақшы. Бүгінгі Мәжіліс отырысында депутаттар осы турасында заң жобасын таныстырды. Бүлінгеннен бүлдіргі болса да, кезінде елге тиесілі ақша еді ғой. Оны қайда жұмсамақ? Халық оның игілігін көре ала ма?
Подробнее...АҚТӨБЕДЕ «ЖОҚ», «ЖОҚ»
Ақтөбенің қақ ортасында өте көне тарихи қалашық бар. Бірақ оны тарихшылар білмейді. Құдды бір ескі Римнің қирандылары секілді тас кесектер шашылып, ежелгі өркениеттен хабар беретіндей. Әріптесіміз археологтардың назарына ілінбеген ескі нысандардың тарихын зерттеп көрді.
Подробнее...Батыстықтар тағы бас көтерді
Ақтауда жүздеген тұрғын әділдік іздеп, талап айтып, шырылдап жүр. Маңғыстау тұрғындарының тынышын алған не мәселе? Өткеннен сабақ алып, жиналғандардың үніне құлақ асып жатқан біреу бар ма?
Подробнее...