Жайылымға жайылған малдарымыз арам қатып жатыр! Осылай деген жамбылдық шаруалар дабыл қақты. Айтуларынша, төрт түліктің жегені қоқыс, ішкені нәжіс суы. Шөбі шүйгін деген аумақтың бәрі жекеге өтіп кетіпті. Шыдамымыз таусылды деген шопандардың шағымына жергілік билік қандай жауап қатты?
Подробнее...Новости
Аштық жариялады!
Павлодардағы наркоорталықтың емделушілері аштық жариялады! Олар өздеріне демалыс талап етіп отыр. Сұрап отырған демалыстары пандемияға дейін болған екен. Алайда екінші тарап бұл заңға қайшы әрекет деп рұқсат бермей отырған көрінеді.
Подробнее...ҚАЗАҚ КИНОСЫНА ҚИЯНАТ ЖАСАЛУДА!
Алматыда танымал режиссер, актер, сценаристер осылай деп шу көтерді. Айтуларынша, жылсайынғы киножобалар байқауы биыл жүйесіз өткен. Талапқа сай емес туындылар төрге шығып, лайықты жұмыстар түрлі себеппен сырт қалды деп отыр. Киногерлер бұған «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын кінәлайды. Айта кетейік, картиналарды қаржыландыруға бюджеттен 3 млрд қаражат бөлінген.
Подробнее...Семейде орман оталып жатыр
Орманды өз үйіндей қорғауы тиіс мамандардың өздері ағаштарды отап жүр! Бұл сорақылық Абай өңірінде тіркелді. Онсыз да былтыр күздегі өрт кезінде жүздеген тал-теректі қызыл жалын тып-типыл еткен еді. Жауаптылар тілсіз жаумен жарысып жасыл желекті жалмап жүр екен.
Подробнее...АЛЛЕЯ ҮШІН АЛАҢДАУЛЫ
Шымкентте ашылу салтанатына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі келген аллея мүшкіл жағдайда. Тал-теректері қурап, орнатылған орындықтары қирап жатыр. Жасыл желек суарылмай, жаз келмей жатып күздің кейпіне енген. Көктемде бүршік жарып, жайқалып тұруы тиіс демалыс орны неге қараусыз қалған?
Подробнее...Азғын бүкіл ауылды дүрліктірді
Алматы облысында сұмдық жағдай! Аядай ауылда ер адам 8 жастағы қызға бір жылдан бері білгенін істеп келген. Айтуға ауыз бармайды, туған қызының құрбысына азғындық жасап, қорқытып та жүрген. 44 жастағы күдіктінің әрекеті әшкере болғанда ауыл жұрты өре түрегеліп, оның елдімекеннен көшуін талап етіпті. Ұл-қызы үшін қорыққан қарашаның арызынан кейін ер адам қамауға алынған.
Подробнее...АЙДАЛАДАН 6 АЙЛЫҚ СӘБИ ТАБЫЛДЫ
«Айналайын баладан, тауып алған даладан» Әлдилеп айтатын әзіл ән күнде ащы шындыққа айналады. Бұл жолы көпір маңынан 6 айлық сәби табылды. Қапырық күнде қоларбада жатқан нәрестені ерлі-зайыптылар байқап қалған. Қаптаған көлік өтетін жерге шақалақ қалай тап болды? Бұл оқиғаға ұялы байланыстың не қатысы бар?
Подробнее...Құрылыста кризис басталды
Құрылыс саласы жұмыссыздар қатарын тағы 100 мың адамға толықтыруы мүмкін! Өйткені дағдарыс салдарынан компаниялар ісін тоқтатып, кадрларын қысқартып жатыр. Бұлай жалғаса беретін болса, сақалды құрылыстардың көкесін көреміз. Мамандар жазға дейін шара қабылдамасақ, ел экономикасына ауыр тиеді дейді.
Подробнее...Диқандар дауы
амбылдық диқандар биыл еткен еңбегінің жемісін жеудің орнына қарызға белшесінен батуы мүмкін! Өйткені өңірдегі мың жарым гектарға жуық егістік құрғап барады. Бұқара дер кезінде каналды қалпына келтіруі тиіс аймақ атқамінерлері асықпайды дейді.
Подробнее...