2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

ЕРЛІККЕ БЕРГІСІЗ ЕҢБЕК

Ерлікке бергісіз еңбек! Қазақстандық құтқарушылар соңғы 5 жылда 225 мыңға жуық адамды ажалдан арашалаған. Отанға адал қызмет етем деп, өзгенің өмірін сақтап, өздері опат болғандар да аз емес. Бейбіт күннің батырларын бүгін Президент кәсіби мерекелерімен құттықтап, бір топ азаматқа мемлекеттік награда тапсырды.

Подробнее...

БАСПАНАЛЫ БОЛАТЫН КҮН АЛЫС ЕМЕС

Қазақстандықтар үшін қуанышты жаңалық! Армандаған баспанаңызға қол жеткізетін күн алыс емес. Алдағы уақытта арзандатылған ипотека көлемі ұлғайып, несиеге берілетін пәтер саны артады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тоқаевтың тапсырмасы аясында Үкімет халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар нақты шаралар қабылдады. Ел азаматтарын қолдауға арналған қандай бастамалар бар?

Подробнее...

СУСЫЗ АУЫЛДАР АЗАЙДЫ

Ақтөбеде сусыз отырған ауылдар азайып келеді. Қазір аймақтағы қарашаның 99 пайызы таза ауыз сумен қамтылған екен. Ал құбыр әлі тартылмаған 28 елдімекеннің мәселесі қашан шешіледі?

Подробнее...

ШЫМКЕНТТІКТЕРДІҢ АСТЫНАН СУ ШЫҚТЫ

Шымкенттіктердің астынан су шықты. Тура мағынасында. Бірнеше отбасының үйі қисайып, қабырғалары қақ айырылып жатыр. Табиғи апатсыз-ақ далада қалған тұрғындар шырылдап көмек сұрап жүр. Жер астынан көтеріліп, бір-ақ сәтте қарашаны әбіржітіп қойған не су екен аймақты тілші біліп қайтты.

Подробнее...

«ҚАЙРАТ»-«РЕАЛ» ОЙЫНЫНА КІРЕ АЛМАҒАНДАРДЫҢ БИЛЕТІ ҚАЙТА МА?

Алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындаға ойын басқа-басқа, билет алып, ойынға кіре алмай қалған жанкүйерлердің есінде біраз қалатын түрі бар. Қалтасындағы барын жұмсап, аяқдоп аламанын стадионнан алаңсыз көрем дегендер алданып қалғанын әлі айтып жүр. Әлекке түскендерін әлемжеліде жазғандардың ақшасы қайтпайтын да сияқты.

Подробнее...

ҚАРШАДАЙ ҚЫЗ АТ БАПТАП ЖҮР

Қазақта жылқы-ер қанаты деп бағаланғанымен қазір қылқұйрыққа қыздар да қызыға бастады. Бұрымдыларымыз тепсе темір үзетін жігіттерден қалыспай ат баптап, тұлпарларын бәйгеге қосып жүр. Тіпті жүйріктері барған жарысынан жүлдесіз қайтпайтын көрінеді.

Подробнее...

ОНШАҚТЫ АДАМ 18 ЖАСАР СТУДЕНТТІ ҰРДЫ

Алматыда еңгезердей еркектер студентті өлімше етіп сабап кетті. Қатты соққыдан 18 жастағы жігіттің мұрны мен бет сүйегі сынып, миы шайқалған. Кешкі асқа достарымен барамын деп, таяқ жеген баланың анасы әділдік іздеп шарқ ұрып жүр. Өйткені, полиция оншақты азаматтың тек төртеуін ұстап, төбелестің басты фигурантын үйіне жіберді,- деп күйінеді.

Подробнее...

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТЕЛЕФОНЫН ҰРЛАТЫП АЛДЫ

Депутаттың телефонын ұрлаған кім? Бүгін Үкімет сағатында халық қалаулысы министрден жоғалған смартфонын тауып беруді талап етті. Дегенмен Самат Нұртазаның жегені жеке басының қамы емес, жалпақ жұрттың ортақ мәселесі.

Подробнее...

ҚЫЗЫЛЖАРДА ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР ҚАПТАДЫ

Теріскейдегі жұрт түн түгілі, күндіздің өзінде көшеде алаңсыз жүруден қалған. Жан-жағына жалтақтап, әр дыбыстан қорқақтайды. Өйткені қаңғыбас иттер ауыл тұрғындарына бас салып, тыныштық бермейді екен. Ол аздай, төрт аяқтылар мал мен құсты да жайпап жатқан көрінеді.

Подробнее...

АУРУХАНАДА 6 ЖАСАР БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ

Екі жыл бұрын құрсағындағы сәбиімен қайтыс болған әйелдің артынан енді марқұмның үлкен ұлы да сол аруханада бақиға аттанды. Жер жастанған жандардың туыстары бұл қазаны дәрігерлердің дұрыс ем жасай алмай, диагнозды дәл қоймауынан көріп отыр. Енді кінәлілер жазадан жалтарып кетпесе екен дейдің туыстары. Алты жасар баланың өлімне кім кінәлі? Оларға қандай шара қолданылады?

Подробнее...
X