18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

«Ұстазымнан қорлық көрдім!»

Алматыдағы №133 мектептің оқушысы жанайқайын желіге жүктеп, көптен көмек сұрап, білім бөлімін шулатты. Айтуынша, сынып жетекшісі себепсіз қол сілтеп, аузына келгенін айтып, абыройын айрандай төгіп келген. Мұндай сұмдыққа енді шыдамаймын деген жеткіншек мұғалім жазаланбайынша мектепке бармаймын деп отыр.

Подробнее...

НӘЖІСТІҢ ИІСІНЕ ТҰНШЫҚҚАНДАР

Шымкенттің 45 мыңдай тұрғыны нәжістің иісіне тұншығып отыр! Жаздың күні далада жату былай тұрсын, есік пен терезені ашудан қалған. Ел осы, қолқанды қабатын мүңкіген иістен ауру-сырқау көбейіп кетті деседі. Ал жауапты шенеуніктер сол баяғы әдеті бойынша уәде беруден ары аса алмады деп ашынған тұрғындармен тілшіміз тілдесіп, Шымкентті кім сасытқанын біліп келді.

Подробнее...

6 жастан мектепке беруге бола ма?

Балаңыз санауды біліп, әріп үйренді деп мектепке беру әбестік. 5-6 жастан білім ордасының табалдырығын аттаған ұл-қыздар келешекте үлкен қиындыққа тап болуы мүмкін. Психологтар ата-аналарға көп айтыла бермейтін ақпаратпен бөлісті.

Подробнее...

Өзенді бүлдірген мектеп суы

Балаға білім мен тәрбие беретін мектептегілер бүтін бір ауылды тіршілік нәрінен тарықтырды! Білім ордасынан аққан лас су елдімекендегі жалғыз өзенге құйылып, жұрт жағымсыз иістен жиіркеніп жүр. Ең сорақысы — қарашаның енді кір жуып, егін суаруға қажетті суы жоқ. Одан қалды жұрт ауру тарай ма деп қорқып жүр.

Подробнее...

«ЖҰМБАҚ» ҚАРЫЗ

Базардағы бұқараның миллиондаған борышы бар болып шықты! Ақтөбелік кәсіпкерлер өздерінің мемлекетке қарыз екенін енді біліп, бас көтерді. Салық органынан келген түбіртек ет сатып, сүт саудалап, киім тасыған жандардың түн ұйқысын төрт бөлген. Қайдан шыққан қарыз екенін білмей басы қатқан бизнес иелері біздің арнаға хабарласты.

Подробнее...

10 миллиард теңге қайда?

Алматының қақ ортасында орналасқан 28 мың тұрғыны бар ауданда кәріз жүйесі атымен жоқ. Бюджеттен миллиардтар бөлінген жұмыс 2018 жылы басталған. Бірақ аяқсыз қалыпты. Ол аздай, қалдық суы жүрмейтін құбыр үшін ел қыруар ақша төлеп отыр. Ал қазулы күйде қалған құдыққа адамдар түсіп кетіп, тіпті бір жан ажал құшқан.

Подробнее...

«АҚШАМЫЗ ҚАЙДА?»

Ақтөбедегі су таситын көлік тізгіншілері аймақ әкімінің орынбасарын іздеп, шарқ ұрып жүр! Көктемде қаланы қызыл су басқанда уәдені үйіп-төккен атқамінердің сөзіне сенгендер енді өзіне жолыға алмай әлек. Шаһарда шылқыған су болғанда шырылдаған шенеунік қауіп сейілгенде неге сөзінен секірді?

Подробнее...

Қалталылар электрик пен сантехникке жарымай жүр!

Алматыда қалталы жандар электрик пен сантехникке жарымай жүр! Ақшасы көп болса да, өздері тұратын элиталық тұрғын үй кешенінің күйі нашарлап барады. Алда-жалда жарық сөніп, құбыр жарылса, шақыратын маман жоқ. Өйткені барлық қызметкерлер жұмысынан бастартқан. Бұған не себеп? Толығырақ — бейнематериалда.

Подробнее...
X