БІР ЖАНҰЯНЫҢ ЖҰМБАҚ ӨЛІМІ Бір күнде бір отбасының 5 адамы қаза болды… Алматы облысында отағасы мен 4 баласы белгісіз бірдеңеден уланып, көз жұмды. 6 адамның ішінен 38 жастағы шешелері ғана тірі қалыпты. Қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр. Бірақ бар жақыны келмеске кеткенін бейбақ ана әлі білмейді екен…
Подробнее...Новости
Адамға да, малға да бір құдық
Адам да, мал да бір құдық басында кезекке тұрады екен. 30 жыл бойы жаратқаннан да, жауаптылардан да бір жұтым таза су сұраған тіршілік иелері ақыры арманына жете алмай, басқа жаққа қоныс аударыпты деседі. Бұл — ертегі емес, еліміздегі жағдай. Жамбылда атқамінерлердің қырық өтірігіне тойған жұрт енді біздің арнадан көмек сұрап жатыр. Айтуларынша, тіршілік нәрінен үмітін үзген ел ауылын тастап, өзге …
Подробнее...Ақтөбеліктерден ұйқы қашты
Көпқабатты үйдің тұрғындары баспанасынан безіп кетудің аз-ақ алдында тұр. Пәтерлерін көзге көрінбейтін жәндік қаптап кеткенін айтады. Түнімен талап бара жатыр дейді. Жұмбақ жәндікпен жұрт өзі күресе бере ме? Бұған жауапты мамандар не дейді?
Подробнее...Енді самокат айдау үшін де куәлік керек!
Сосын басыңызға арнайы шлем, үстіңізге жарық шағылыстыратын киім киюіңіз қажет. Бүгін самокатшылар мәселесі парламентте талқыланды. Жылдамдыққа да қатысты біраз шектеу бар. Былай қарасаң, депутаттар салық төлемейтін, бензинге ақша құртпайтын, техбайқаудан өтпейтін, утильалым төлемейтін, қысқасы бюджетке ақша құймайтын транспорт түрін қатты қыспақшы.
Подробнее...Бір адамның өмірін қиған өрт
Алматы маңындағы алапат өртті қасақана жасаған болуы әбден мүмкін!
Подробнее...Арнайы жасақтың бір күні
Күнде бір жемқор қолға түсіп жатыр. Қаңтар оқиғасынан бері біршама олигарх елден қашпақ болған жерінен ұсталды. Одан кейін де түйені түгімен жұтқан көп ашкөздің қолына кісен салынды. Ал өткенде президент қабылдауында болған ҰҚК төрағасы 19 террористік шабуылдың жолы кесілді деді. Осы шараның барлығын жүзеге асырып жүрген жігіттер туралы не білеміз? Арнайы жасақтың сайдың тасындай іріктелген сарбаздары қалай әрекет етеді?
Подробнее...Қылмыстың өтеуі – жаза!
Қылмыстың өтеуі – жаза. Біреудің ала жібін аттап, заңды белшеден басқан баланың барар жері — колония. Сот жүйесі ешкімді де бала ғой, тірлігі әлі шала ғой деп басынан сипамайды. Жасаған қылмысы ауыр болса, 14 жастан-ақ қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.
Подробнее...100 КЕПТЕРІ БАР ТӨРЕМҰРАТ
Үйір-үйір жылқысы, отар-отар қойы бар дегенді естуші едік. Ал қора-қора кептері бар дегенді ше? Ерекше хоббиі бар азамат Ақтөбеде тұрады. Қала тұрғыны қанаттыларды баптап, көзінің қарашығындай сақтайды. Тіпті қазір оларға арнап зәулім сарай салып жатыр екен.
Подробнее...Техникалық қабат кімге тиесілі?
Осылай деп дабыл қаққан Астана қаласының тұрғындары арнамызға арыз айтып келді. Сөздеріне сенсек, «Құрмет» тұрғын үй кешенінің техникалық қабатына әлдекімдер жөндеу жұмыстарын жүргізіп, иемденіп алған.
Подробнее...СОҒЫС АРДАГЕРІ ҮЙСІЗ ЖҮР
98 жастағы қария Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны екен. Бұл жайлы бүгін Ұзынағашта өткен мерекелік шарада белгілі болды. Бейбіт күнді сыйлаған батырға әкімдік неге әлі күнге баспана бұйыртпаған?
Подробнее...