6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

Елімізде ас-су арзандауы мүмкін!

Өйткені енді азық-түліктің кей түрі Тәжікстаннан келетін болады. Бұл өз кезегінде бағаны тұрақтандыруға көмектеседі. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан- Тәжікстан арасындағы бизнес-форумда премьер-министрдің орынбасары, сауда министрі Серік Жұманғарин айтты. Оның ақпарынша, екі жақтың сауда-саттығы ұлғайып, серіктестік күшеймек. Осы мақсатта 20-ға жуық келісімшарт жасалды.

Подробнее...

«Бауырымды танымай қалдым!»

Ақтөбедегі газ өңдеу зауытындағы өртте зардап шеккен жұмысшылардың бауырлары танымай қалды. Бет-аузын күйік шалып, домбығып кеткен 4 жан қазір қаладағы облыстық ауруханада ауыр халде жатыр. Оларды дереу Астанаға апаруды талап еткен туыстары айқай шығарды.

Подробнее...

«Сау баламды сал қыла жаздады!»

Алматы облысына қарасты Ащыбұлақ ауылының тұрғыны арнамыздан көмек сұрады. Айтуынша, шауып жүрген қос перзентін көлік қағып кеткен. Бірер аптадан бері ауруханада жатқан оқушыларға тәртіп сақшылары да, айыпты азамат та бас сұқпаған көрінеді. Шарқ ұрған ана әділдікті талап етеді

Подробнее...

Көз жасы көл болған ауыл

Шөбі шүйгін, суы мол «Мортық» деп аталатын көл жеке бір кәсіпкердің қолына өтіп кеткен. Бір қызығы — бұл жайдан жергілікті жұрт пен әкім бейхабар болып шықты. Төрт түлікке күні қарап отырған ауыл халқы ендігі күніміз қараң деп ашулы. Толығырақ — бейнематериалда

Подробнее...

Мектептің түрі осы…

«Мектебің- мынау, класың, осында 10 жыл тұрасың…» деген өлең жолдары санамызда жаттаулы. Ал Ақтөбе облысында теміржол бекетінің бойында тұратын балаларға бұл – таңсық десе болады. Өйткені, олар жарты ғасыр бойы вокзалдың ғимаратын паналап отыр. Ғимарат деген аты ғана. Іргесі сөгіліп, шөге бастаған ғимарат өртеніп кетке жаздаған. Тақырыпты әріптесім Ақбаян Сұлтанмұратова жалғастырсын…

Подробнее...

Көшеден сәби табылды

Шымкентте жаңа туған шақалақ көшеден табылды. Көкек ана сәбиді жөргекке орап, ойын алаңына тастап кеткен. Жылап жатқан шақалақтың дауысын естіген екі студент қыз бірден көмекке ұмтылып, жедел жәрдемнің колл орталығына апарған. Өте ауыр жағдайда жеткізілен нәрестеге жедел жәрдем диспетчерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалыпты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сәбидің қазіргі жағдайы жақсы.Туғанына шамамен екі тәулік болған.

Подробнее...

Азаматы жақсы ауыл азбайды

Азаматы жақсы ауыл азбайды. Ақмола облысының Обалы елдімекенінің тұрғындары осы ойды іспен қуаттап жүр. Жергілікті халық қол қусырып отырмай, өз күштерімен туған жерін көркейтіп, көшіп келген көпбалалы отбасыға тегін баспана сыйлады. Обалылықтар бұдан былай да қоныс аударам дегендерге құшақ жайып, «Жаңа Қазақстан» құру жолында жалпақ жұрттың жұмыла алатынын көрсетпек. Ал, ауылға көшіп келген жанұяның қуанышы тілші материалында.

Подробнее...
X