Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске бұл жолы Түркия араағайындық жасауда. Неше күннен бері бір ымырға келе алмай отырған қос тараптың Сыртқы істер министрлері Анталияда кездесу өткізіп жатыр. Мақсат айқын, бауырлас елдер арасындағы қарулы қақтығысты тоқтату. Алқалы жиынға қатысушылар арасында Ресей мен Украина өкілдерінен бөлек, Түркияның сыртқы істер министрі де бар.
Подробнее...Новости
Мемлекет басшысы тергеу амалдарының әділ жүргізілуіне қатысты өз ұстанымын айтты
Қаңтардағы қасіреттің кермек дәмін қарапайым халық әлі ұмыта алмай келеді. Бүлікке қатысы бар деген күдікпен елімізде мыңнан астам азамат ұсталды. Еліне, жеріне адал қызмет ететін, нағыз отаншыл азаматтар мұндай опаздыққа бармайды. Отандық телеарнаға кеңінен сұхбат берген мемлекет басшысының сөзінен үзінді бұл. Осы тұста, ұсталғандардың құқы тапталмауын, нақақтан-нақақ сотталмауын, бейкүнә адамдардың жоқталмауын мемлекет басшысы қадап айтты.
Подробнее...Әкімдер жыл бойы халықпен кездесуге міндетті
Еліміздің өркендеп дамуы үшін, халықтың талап-тілегін ескере отырып, мәселені шешу мақсатында әкімдер жыл бойы жергілікті тұрғындармен кездесуге міндетті. Мемлекет басшысы апта басында осындай жаңа қаулыға қол қойған болатын. Енді жергілікті атқарушы билік басшылары қауырт жұмысына қарамастан қарашамен кездесуге уақыт табуы тиіс. Осы ретте, жаңа жарлыққа қатысты ел тұрғындарының пікірін сұрап көрдік.
Подробнее...Интернет мәселесі мәжілісте тағы қаралды
«Қытайға қош келдіңіз». Депутаттар шекаралас аймақтардағы халықтың ұялы телефонына таңның атысы, күннің батысы осы сарындағы смс хабарламалар келетініне қынжылыс білдірді. Халық қалаулыларының сөзінше, елімізбен көрші жатқан Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанның байланыс операторлары біздің абоненттерге тыным бермейді екен. Бұл азаматтарға моральдық жағынан үлкен соққы деген депутаттар жауаптылардан мәселені тез арада шешуді талап етті. Ал, елімізде интернет сапасы қандай деңгейде? Өркениеттен тыс қалған …
Подробнее...Мәжілісте ауыс-түйіс: бірнеше депутаттың өкілеттік мерзімі уақытынан бұрын тоқтатылды
Мәжілістің бүгінгі отырысы ерекше өтті. Бірнеше депутат мандатын тапсырып, жиын ауыс-түйіспен басталды. Депутаттықтан бірден екі халық қалаулысы өз еріктерімен бас тартып, орнын босатты. Бірақ, ізін суытпай бос қалған креслоға «AMANAT» партиясынан жаңа мәжілісмен келді. Мандатқа ие болған кім? Жалақысы аш қалдырмайтын парламенттен екі адам берден неге кетті? Нұржан Сәдірбай әрі қарай баяндасын.
Подробнее...Сәуірден бастап елдегі кинотеатрлар желісі белгісіз мерзімге жабылуға мәжбүр
Көктемнің алғашқы аптасы киномандар үшін жағымсыз жаңалықтан басталды. Сырттағы геосаяси жағдайлардың салдарынан бірқатар голивудтық компаниялар көрші елмен келісімшарттарын үзіп жатыр. Салқыны біздің елден де айналып өтпеді. Мереке қарсаңында кинопарк желілерінің басшысы бір айдан соң жабылатындарын жеткізді. Тақырыпты Нұрай Құрақпай тарқатсын.
Подробнее...Қаңтар қасіреті туралы деректі фильм жарық көрді
Қаңтар қасіреті туралы деректі фильм жарық көрді. Туынды қайғылы оқиғаға куә болып, өзгенің өмірі үшін басын қауіпке тіккен сақшы қыздың әңгімесімен түсірілген. Шығарма авторының айтуынша, аталмыш фильм қазақ қыздарының қайсарлығы мен ержүректілігін дәріптеуге арналған. Ал мәні мен мағынасы зор деректі фильм бар жоғы 3 күнде түсіріліпті. Сондай-ақ, бір тиын да қаражатты талап етпеген туындының әлі де жалғасы бар. Идея авторы …
Подробнее...Қаңтар қасіреті кезінде алматыда қылмыс жасаған 41 айыпталушыға сот үкімі шықты
Қаңтар қасіреті кезінде Алматыда қылмыс жасаған 41 айыпталушыға сот үкімі шықты. Тағы 41 іс қазылардың өндірісінде. Жаза арқалағандар негізінен дүкендер мен автокөліктерді тонаған. Арасында ұсақ ұрлық жасағандар көп. Мысалы сотталғанның бірі жанармай бекетінің тоналып жатқанын көріп, 10 литр авткөлік майын жамқырып кетіпті. Оған сот 40 сағат қоғамдық жұмыс істеуге үкім шығарды. Жалпы, 41 айыпталушының біреуі де түрмеге тоғытылған жоқ. Сот …
Подробнее...Жүз жастағы ару
100-ші көктем. Ғасыр жасаған елордалық әже биыл ұрпақтарының ортасында жүзінші мерекесін қарсы алды.Кейуананы біздің ұжым да құттықтау үшні үйіне барған еді. Сюжет көрейік.
Подробнее...Әлемдегі қызық құттықтаулар
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні. Десе де әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа. Біз әдетте қыздар қауымына гүл сыйлап қуантамыз. Ал Қытайда бұл күні туристтер ғана гүл шоқтарын құшақтап жүретін көрінеді. Тағы қандай қызық құттықтаулар бар, тілшіміз Мұхтар Өміртай тарқатсын.
Подробнее...