10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Қыздарға қандай сыйлық берген дұрыс?

Жалпы елімізде 9,8 миллион әйел тұрады. Оның жартысынан көбі яғни 6 миллионы қалада, қалаған 3,8 миллионы ауылда тұрады. Ақпаратқа сенсек, нәзік жандылар көбіне білім саласын таңдайды. Қазір онда 552 мың ару жұмыс істеуде. Ал бизнесте — 416 Мың, Сату қызметінде — 355 мың, саудада — 273 мың, Қызмет көрсету саласында — 270 мың.

Подробнее...

Биліктеші бикештер

Үйде нәзік, түзде батыл бұрымдылар. Елімізде билік тізгінін ұстаған нәзік жандардың қатары жыл санап артып келеді. Әйел депутат, министр, әкім де бар. Саны жағынан да қыз — келіншектердің қарасы басым. Қазақстан халқының 9,3 миллионы ер адам болса, әйелдер үлесі 9,8 миллионды құрайды. Баласын бағып, күйеуінің көңілін тауып, қызметінде маңызды мәселелерді шешуге шебер жандармен тілшіміз әңгімелесіп қайтты.

Подробнее...

Қазақтың құрты — мүгедектіктен сақтайды

Қазақтың құрты балаларды аяғынан тұрғызып, мүгедектіктен сақтайды. Павлодардағы ақ жаулықты аналар ұлттық дәмнің көп біле бермейтін осындай шипасымен бөлісті. Ансамбльде ән шырқайтын апаларды біздің арнаның #еңдәмді құрт челленджі аясында әңгімеге тартқан едік. Сюжет көрейік!

Подробнее...

Ақтаулық ұшқыш ару

Жауапты жұмыстағы жалғыз ару! Ақтау әуежайында кіл ердің арасында жалғыз нәзік жан қызмет атқарады. Бұрымды — кей жігіттің қолынан келе бермейтін міндетті абыроймен орындап жүр. Жас маман жолаушы ұшақтарының сыртқы ақауын тексеріп, жанармаймен қамтамасыз ету жүйесін бақылайды екен. Сондай — ақ өзінен жүз есе үлкен әуе көліктерін арнайы тұраққа бағыттап, өзге де жұмыстарды тап — тұйнақтай етеді. Бұл қызметті ақтаулық …

Подробнее...

Ақылы жолдағы ірі жол апаты

Мереке күндері республикалық маңызы бар автожолдарда ірі жол көлік көлік оқиғалары орын алуда. Бір Елорданың іргесінде қырыққа жуық темір тұлпар бір-біріне соқтығысқан. Көз жұмғандар да бар. Бұдан бөлек, боранның кесірінен жолда қалып қалған адамдардың да қарасы қалың. Үш күндік демалыстың қызығын емес, кесірін көргендер жайлы тілшіміз тарқатады.

Подробнее...

Қазақтың бұлбұлы

«Қазақтың қаһарман қызы». Қазақтың бұлбұлы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай осындай шара өтті. Марқұм халық әртісінің мерейтойында өнер майталмандары сахнаға шықты. Көзі тірісінде талайдың жүрегін талантымен жаулаған апамызды сағынған жұрт оның әндерімен мауқын басып, өнерпаздарға қошемет көрсетті.

Подробнее...

Әкімдерге тықыр таянды

Әкімдерге тықыр таянды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы басшылардың қызметіне қатысты жаңа жарлыққа қол қойды. Енді әкімдер бұрынғыдай жаттанды форматта жиындар өткізіп, бюджеттік мемкеме қызметкерлерін, ардагерлерді жинап алып, халықпен кездестім деген жалған есеп беріп, ешкімді алдай алмайды. Ала шапқын жиналыстармен шапқылап жүретін атқа мінерлер қандай тығыз жұмыс кестесі болса да, жыл бойы жергілікті тұрғындармен кездесуге міндетті. Мемлекет басшысы қол қойған жаңа …

Подробнее...

Қаһарман әйелдер

Туған жер, ердікі, не әйелдікі емес. Отанға деген махаббат жынысқа бөлінбейді. Халқыңның алдындағы парыз да сондай. Кешегі қаңтар қасіретінде Қазақстан үшін қасық қанын сарп етуге даяр, ерлермен иық тіресіп, елі үшін жанын беруден тайынбайтын аруларды көз көрді. Қаңтар оқиғасы кезінде отбасы-ошақ қасына қашпай, қасқайып қалтқысыз қызметін қалай да қалдырмауды қаперінде ұстаған қыз-келіншектердің ерлігін суреттеуге сөз жетпейді. Өйткені бірі қан-жоса болып, …

Подробнее...

Ана мен сарбаз студияда жолықты

Ананың көңілі балада, Баланың көңілі армияда. Әскерде жүрген сарбаз тележобаға қонақ болып келіп, күтпеген жерден анасымен қауышты. Арнамызда шығатын «Айна» бағдарламасының ұжымы халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында осындай тосын сый әзірлеген болатын. Бір қызығы жүздесу сарбаздың туған күнімен тұспа-тұс келді. Сюжет көрейік.

Подробнее...

Украина мен Ресей келіссөздерінің екінші раунды аяқталды.

Украинаның Запорожье атом электр стансасы отқа оранды. Бұл – Еуропадағы ең ірі АЭС. Ашық ақпарат көздерінде, Ресей әскері энергоблокты снарядпен атқылаған. Қызыл жалынмен алысу құтқарушыларға оңайға түскен жоқ. Десе де, өрт ауыздықталды. Сарапшылардың пайымынша, аталмыш станция жарылатын болса, Чернобыльден он есе жойқын зардап әкеледі. Ал Беларусьте өткен Ресей мен Украина арасында келіссөздің екінші раунды қалай аяқталды? Әріптесіп Айғаным Достанбай баяндайды.

Подробнее...
X