Жүргізуші: Қос бүлдіршін туған бауырынан жәбір көрді. Дәлірек айтсақ, ағасы екі қарындасын өлімше етіп сабап тастаған. Бұл сұмдық оқиға Өскеменде тіркеліпті. 3 және 6 жастағы қыздардың ауруханаға жеткізілген уақытта сау жері болмаған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, кәмелетке толмаған балалар үлкендерден жүрексініп қалғаны соншалық, адамдарға жақындаудан қорқады. Ал, қарындастарын ұрып-соққан тиран бостандықта жүр екен. Толығырақ тілші бейнематериалында.
Подробнее...Новости
Жүздеген жан жұмыссыз қалмақ
Жүргізуші: Жүзге жуық жан жұмыссыз қалуы мүмкін. Алматы облысындағы кеңестік кезеңнен теміржол саласын қиыршық таспен қамтамасыз етіп келген өндіріс орны жұмысын тоқтатуға мәжбүр. Бұған тапсырыстың аздығы ықпал еткен. Егер екі қолға бір күрек іздегендер жұмыс қамымен үдере көшсе, Кербұлақ ауданындағы Малайсары ауылы жойылып кетуі мүмкін. Себебі, 300-дей тұрғынның күні бір зауытқа қарап тұр. Жұмысшылардың жанайқайын өңірдегі тілшіміз Думан Алтынбекұлы тыңдап …
Подробнее...Есік пен терезе қымбаттады
Жүргізуші: Енді қарашаға үй салу былай тұрсын, пластик терезе мен есік сатып алу арманға айналуы мүмкін. Себебі, айналдырған екі жылдың ішінде пластикке қолданылатын шикізаттың бағасы шарықтап шыға келген. Ал, бұл өз кезегінде тұрғындардың қалтасына қатты соққы болса, екінші ден осы арқылы кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлерге бизнестің тұралауына әкеп соғады. Осылай деп жан айқайларын жеткізген жеке кәсіп иелерімен тілшіміз тілдесіп қайтты.
Подробнее...Өзен ластанды
Жүргізуші: Алматының білдей бір шағын аудананың қалдық сулары Тереңқара өзенін ластауда. Атап айтқанда асхана, монша, көлік жуатын орындар мен тұрғын үйлерден шығатын жуынды көшедегі арық арқылы өзен арнасына құйылуда. Тереңқара өзені Алматы облысындағы демалыс орнының маңындағы көлге құйылуда. Ең сорақысы заңда мұндай бассыздыққа жол бергендерді жауапқа тартатын бап жоқ екен. Ал мәселені шешуге Алатау ауданының әкімшілігі асықпайды дейді экологтар. Тақырыпты …
Подробнее...Жаңа жоба
Жүргізуші: Шымкентте техникалық мамандық иелеріне басымдық берілетін жоба қолға алынды. Яғни, «техникалық мамандар кадрлық резерві» арқылы жастар тәжірбие жинап, жұмысқа орналасуға мүмкін алады. Дәл осындай бастаманы Академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті алғашқылардың бірі болып жүзеге асырмақшы. Жоғарғы оқу орны мемлекеттік мекемелермен және компаниялармен арнайы келісімге қол қойды. Бұл бастаманың нендей артықшылығы барын тілші тарқатады.
Подробнее...Кәсіпкердің бизнесін тартып алған
9 миллиард теңге тұратын бизнесімді банк тартып алды. Атауы әлемге жақсы таныс мейманхананың Алматыдағы иесі біздің арнаға осылай деп мұңын шақты. Оның сөзінше, қаржы ұйымы мен коллекторлық фирма құны 9 миллиард теңге тұратын қонақүй бизнесін өз иелігіне аударыпты. Аударғаны былай тұрсын, дайын кәсіпті жарты бағасына сатып та үлгерген. 2 жыл бойы соттасып, екі мәрте ұтылған кәсіпкер Алматы қалалық сотына аппеляция …
Подробнее...Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Украина Президентінің бастамасымен өткен тілдесуде тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасқан. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты. Екеуара әңгімеде қандай мәселе талқыланғанын Қасым-Жомарт Тоқаев «Твиттер» желісіндегі парақшасында да жазды.
Подробнее...Қаңтар оқиғасы: тағы бір дүкен тонаған азамат істі болды
Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Алматыда сауда үйлерін тонаған тағы бір мародерге сот үкімі шықты. Ол оңтайлы сәтті пайдаланып дүкеннен жалпы сомасы 300 мың теңгенің ұялы телефондарын қолды еткен. Күдікті өзінің кінәсін толық мойындады.
Подробнее...Құрт — құмырсқаны құртамыз деп, қарашаны қыра ма?
Құрт — құмырсқаны құртамыз деп, қарашаны қыра ма? Көкшетаудағы сауда орталықтарының біріндегі дезинфекция тұрғындардың ашу-ызасын туғызды. Дүкендерді арнайы химиялық қоспамен тазартқан мамандар сөреде тұрған тамақтарды жаппай, ерітіндіні азық-түліктің үстіне шаша берген. Енді қала жұрты улы асты азық қыламыз ба деп қауіптеніп отыр. Тақырыпты Нұрай Құрақпай тарқатсын.
Подробнее...Қымбатшылықты қалай ауыздықтаймыз?
Елімізде енді ас-судан бастап, баспана бағасына дейін аспандауы мүмкін. Отандық сарапшылар осылай деді. Олардың айтуынша, екі бауырлас елдің арасындағы соғыс Қазақстан экономикасына салмақ түсіреді. Мамандар жағдайдың қашан әрі қалай тұрақталатынына болжам жасады. . Тілшіміз Динара Жарқынбек толығырақ тарқатады.
Подробнее...