0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Жер үйдің аумағына жасырылған қару-жарақ қоры табылды

Алматы облысының полицейлері Қарасай ауданындағы жер үйдің аумағына жасырылған қару-жарақ қорын тапты. Тергеушілер мәліметінше, үш күдікті қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкенін тонаған. Олардан үш ойық ұңғылы, үш тегіс ұңғылы мылтық, бір винтовка, аңшылық жарақтар мен оқ-дәрі тәркіленген. Ұсталғандар 5 тен 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Подробнее...

Ресейге салынған санкцияның салқыны бізге қалай әсер етеді?

Украинадағы жағдайға байланысты елімізде доллар бағамы тұрақсыз болып тұр. Күні кеше 500 теңгеден асып жығылған көк қағаз құны бүгін біршама түсті. Таңғы қор биржасының саудасында америкалық валюта 482 теңгеден саудаланған. Ал, еліміздің айырбас пункттерінде 487-495 теңге аралығында саудаланып жатыр. Осы жағдайға байланысты Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы жедел шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді. Бүкіләлемнің назарын аударған геосаяси жағдайға байланысты елімізде инфляция …

Подробнее...

Ұлағатты ұстаздарға мың алғыс!

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде алғыс жауатын күн. Барша қазақстандық туған-туыс, әріптес, досты түгендеп, шама шарқынша рахметін айтып, жүректен шыққан жылы сөзін арнап-ақ жатыр. Алғысқа бөленіп жатқандардың арасында, әрине, ұрпағына білім нәрін сусындатқан ұстаздар да бар. Әсіресе пандемия кезінде осы жандардың қадір-қасиеті артқаны жасырын емес.

Подробнее...

«Нұр отан» партиясының атауы «Аманат» болып өзгереді

«Нұр Отан» бұдан былай «Аманат» партиясы болып аталады. Бұл ұйым соңғы 23 жыл тарихында үшінші рет атауын ауыстырып отыр. Жаңа атауды таңдауда Мемлекет басшысы тікелей атсалысқан. Қасым-Жомарт Тоқаев атауын қана өзгертіп қана қоймай, бүкіл затын өзгерту керектігін атап өтті. Партияны жаңғыртудың жеті жолы ұсынылды. Бұрынғы нұротандықтарды өзге де қандай өзгерістер күтіп тұр? Бұл туралы партияда өмірінің жартысын өткізген Берік Байғара …

Подробнее...

Бейжіңдегі қысқы олимпиада: қолаға зар болдық

Ел спортшыларына медаль бұйырмаған Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Кеше Токиода өткен жазғы Олимпиадада 8 қолаға қанағат етпеп едік, енді қола да қол жеткізбей тұр бүгін. Десе де Қытай астанасында қазақстандық спорт формасы ең стильді киімдердің қатарынан көрінді. Ал спорттағы бәйгеден бабымыз қашан келеді. Бағымыз қашан орнайды? Тілшіміз Мұхтар Өміртай қысқы Олимпиаданың көңіл қынжылтар қортындысы туралы қаузап көрді.

Подробнее...

Украинадан отандастарымыздың алғашқы легі ұшып келеді

Украинадан Қазақстанға қайтам деген отандастарымыздың алғашқы легі ұшып келеді. Тура екі сағат бұрын көтерілген әуе кемесіне 175 отандасымыз отырған. Олар алдымен Атырауға жетіп, жанармай құйып алған соң, Алматыға бет алады. Оңтүстік астанаға ұшақ нешеде қонады? Президент қақтығыс болып жатқан аймақтан ел тұрғындарын алып шығу туралы не деді? Тілшіміз тарқатады.

Подробнее...

Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер

Беларусь жерінде Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер басталды. Ресей делегациясын Президенттің көмекшісі мен сыртқы істер және қорғаныс министрліктері бастап келген. Ал Украина тарапынан қорғаныс министрі, «Слуга народа» фракциясының басшысы және сыртқы істер министрінің орынбасары бар. Ал тараптар бір мәмілеге келем дегенде екі жақ та шығынға ұшырауда. Мәселен, Украина президенті соғыс баситалғалы Ресейдің 4 мыңдай сарбазының қаза тапқанын хабарлады. Украина сарбаздары …

Подробнее...

Полицейлерді аяусыз соққыға жыққан

Қаңтар қақтығысы кезінде бүлікшілер полиция қызметкерін қалқан ретінде пайдпаланған. Соққыға жығылған тәртіп сақшысы басынан өткен сұмдық оқиғаны айтып берді. Алматы полициясы метрополитен бөлімінің қызметкері Асыл Дүйсембеков өзін бұзақылар тізерлеп отырғызып қойып ұрғанын жеткізді. Бұл жағдай шаһар көшерелерінің біріндегі бейнабақылау камерасына түсіп қалған. Асылдың айтуынша, бүлікшілер егер оны алдыға салып ұстап жүрсек полицейлер шабуыл жасамайды, оқ атпайды депті. Әбден ұрып-соғып, қызметтік …

Подробнее...

Елімізге Украинадан 179 отандасымыз жеткізілді

Украинадағы Қазақстан азаматтарын әкелетін ұшақ Польшаға аттанды. Бұл әуе рейсімен елімізге бүгін түнде 179 отандасымыз жеткізіледі. Лайнер Атыраудан Польшаның Катовице қаласына ұшып шыққан. Аталмыш рейс кері қарай бүгін біздің уақытпен 15:30-да жолға шығады деп жоспарланған. Ал, Алматыға түнгі сағат он екі жарымдарда қонады деп күтілуде. Еліміз Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Украинадағы 241 қазақстандық Польша шекарасынан өтіп, елге қайтуға …

Подробнее...

Зардап шеккен ұлттық ұлан сарбаздары

Қаңтар қасіреті кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға шыққан сарбаздар бүлікшілермен болған қақтығыстың қалай болғанын айтып берді. Көптеген жауынгер жарақаттары ауыр болғандықтан әлі күнге дейін ауруханада жатыр. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Подробнее...
X