Бірі тоңып, бірі тойып секіреді. Халық қаңтар қасіретінен соң, есін жия алмай жүргенде, кей шоу-бизнес өкілдері көкпар ұйымдастырып, туған күнін шетелде өткізіп жүр. Әрине, біреудің қалтасындағы қаржысын санаудан аулақпыз, бірақ ел үшін осындай қиын сәтте, мақтаншылыққа салынып, теңгесін оңды-солды шашу қаншалықты дұрыс? Әріптесім Нұрай Құрақпай қарашаның пікірін сұрап көрген еді.
Подробнее...Новости
Жалдамалы пәтер арзандайтын болды
Енді екі айдан соң пәтер жалдап жүрген жетпіс мың жанның пәтерақысы азаяды. Мамырдан бастап квартира жағалап жүргендерге мемлекет көмек қолын соза бастайды. Пәтерақысының 50 пайызы өтелетіндер тізімінде кімдер бар? Үкіметтің бұл бастамасы баспананы жалдау құнын қымбаттатпай ма? Гүлнәзия Жалғастықызы айтып береді.
Подробнее...Полигондағы жаттығу
Алматы облысындла десантшылар қару асынды. Әуеден парашютпен түскен әскерилер жаяу жорытып, жаудың санын анықтады. Мұздай қаруланған содырларды қоршауға да алып, көзін жойды. Бұл десантты-шабуылдаушылар бригадасының бүгін өткен арнайы жаттығуларының желісі. Тактикалық қимылдарды басынан аяғына дейін бақылаған тілшіміз Асқар Серғалиевтің репортажы.
Подробнее...«Ұстаздың» жайы
«Ұстаз» атауы ұлықталмады! Ақтөбедегі сегіз мың жан тұратын алаптағылар әкімдікке асфальт салып, емхана тұрғызып беруді айтуға ұялып жүр. Себебі суды құдықтан ішіп отырып, өзге мәселелерді қозғауға аузымыз дауаламайды дейді. Не қатынайтын қоғамдық көлігі, балалар оқитын мектебі жоқ елдімекендегілер ең болмаса ішетін таза суымыз болса деп армандайды. «Ұстаз» атауын алған алаптағылар неге ұсқынсыз тірлік кешіп жүр? Ақбаян Сұлтанмұратова тыңдап қайтты.
Подробнее...Украина президенті Путинді келіссөзге шақырды
Зеленский Путинді үстел басына отырып, келіссөз өткізуге шақырды. «Украинаның барлық аумағында ұрыс қимылдары жүріп жатыр. Адамдардың өлімін тоқтату үшін ымыраға келу қажет», – деді Украина басшысы. Ресей Президенті де қарсы тараппен жоғары деңгейдегі келіссөздерге қарсы емес екенін Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлескен кезінде айтқан. Халықаралық қауымдастықтағы қырғи қабақ қақтығыстың қарқыны қалай өрбіп жатыр? Тілшіміз сабақтайды.
Подробнее...Қанат бозымбаев алматы облысында қаңтар қасіреті қалай өрбігенін айтты
Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев қаңтар оқиғасы жайлы бар жағдайды хронологиялық ретпен ашып айтып берді. Қасіретті күндері қайда болғанын және қалай әрекет еткенін баспасөз-мәслихаты барысында мәлімдеді. Думан Алтынбекұлы айтсын.
Подробнее...Акуланы ас еткен…
Дастарханға адам етін қойғанмен тең. Ұлдарының сүннет тойында ерекше шоу жасаймын деп, мұхиттың арғы бетінен акула етін алдыртқан Әбдіжаппар Әлқожа халықтың сынына ұшырады. Әнші жыртқыш балықты АҚШ елінен арнайы жеткізіпті. Жалпы акула етіне қатысты шариғатта не делінген? Нұрай Құрақпай тарқатсын.
Подробнее...Теңге тағы құлдырады
Теңге тағы да құлдырады. Валюта бағанындағы доллардың бағасы сәт сайын көтеріліп барады. 1 АҚШ валютасының құны – дәл қазір 465 теңгеге жетті. Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің бір ұшы бізге келіп тиді ме? Төл теңгеміздің ендігі тағдыры қалай болмақ? Тілшіміз Мұхтар Өміртай жұртпен тілдесіп, сарапшылардың пікірін біліп қайтты.
Подробнее...Кәсіпкерлер қымбатшылықтан қарызға батып жатыр
Қымбатшылықтан қараша ғана емес, кәсіпкерлер де қағажу көруде. Әсіресе құрылыспен айналысатын компаниялар қарызға белшесінен батқан. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында нысан салуды бастап, аяқтай алмай қалған бизнес иелері бар. Олар құрылыс материалдарының күрт қымбаттауынан жұмысты тоқтатуға мәжбүр болған екен. Ал мемлекеттен аймақтағы қымбатшылық қыспағында қалған мердігерлерге бөлінген миллиардтаған өтемақы бәріне бірдей берілмейді. Өйткені жауапты министрліктің талабы бар. Оралдық әріптесім Ерденбек Жылқайдарұлы …
Подробнее...Украина мен Ресейге қатысты еліміздің ұстанымы қандай?
Ресей мен Украина арасындағы жағдай ушығып, әскери қақтығысқа ұласты. Мұндай кезде еліміздің ресми ұстанымы қандай? Аталған екі мемлекеттің арасындағы шиеленіс Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін? Толығырақ тілші материалында.
Подробнее...