Абақтыдағы азаптау жайттары туралы қылмыстық істердің барлығы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің өндірісінде. Ал журналистер қауымы қамаудағыларды абақтыда ұстау жағдайы қалай деген бұйымтаймен Шымкенттегі 167/11 тергеу изоляторына шыққан. Әдеттегі жабық мекеме тілшілерге ашық есік күнін жасап берді.
Подробнее...Новости
Отандық автокөлік өндірісі неге тұралап тұр?
Осы отандық көлік деп ауыз толтырып айтамыз. Ал, шынтуайтында сол көліктердің ішіндегі қанша бұйым Қазақстандық өзі. Біреу болсын осыны тексерді ме екен? Біздің тілшіміз ақиқатын білді. Айтсам сенбейсіз. Темір тұлпарлардың дискісі, аккумуляторы, сұйықтықтары және ұсақ бұйымдары ғана біздің өнім, қалғаны шетелден дайын келеді екен. Бұл саладаға басқа да белгісіз жайттарды екі күн үйге қонбай, зауыт аралаған Берік Байғара баяндасын.
Подробнее...Аяғы ауыр әйел қару тонаған
Алматыда аяғы ауыр әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан. Жетінші баласына жүкті келіншек күйеуіне мылтық, тапанша және оқ-дәрілерді ұрлауға көмектескен. Ерлі-зайыптылардың іс-әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мына видеода дүкеннен жәшіктерді алып-шығып жатқаны анық көрінеді. Олардың үйін тінту кезінде тоғыз «Сайга» ұңғысы, екі мылтық, винтовка, тапанша, оқ-дәрілер, резіңке тоқпақ, яғни дубинка, ағаш биталар, сапер күрегі мен радиостанциялар табылды. 1996 жылы туған жігіт …
Подробнее...Жанармай құю бекетінде жарылыс болды
Ақтөбе соңғы күндері апатты жайттардан көз ашпай келеді. Кеше мектеп автобусы өртеніп, оқушылардың басына қауіп төнген еді. Бүгін таңда жанармай құю стансасында жарылыс болып, бір адам қаза тапты. 67 жастағы марқұмның денесі бес сағаттан соң үйінді астынан табылған. Оқиға орнына барып қайтқан тілшіміз Ақбаян Сұлтанмұратова жалғастырсын.
Подробнее...285 елдімекенді су басуы мүмкін
Еліміздегі жарты миллионға жуық жанның басына көктемде қауіп төнеді. Бүгін Төтенше жағдайлар министрі осылай деді. Өйткені, 285 елдімекенді су басуы мүмкін екен. Салаға жауаптылардың статистикасы мен болжамын тыңдаған Үкімет басшысы су тасқынының салдарын жоюды әкімдіктер қолға алуы тиіс деді. Сондай — ақ премьер — министр журналистер алдында сөзінен шатасып, сұраққа тіке жауап бере алмайтын министрлер мен оның орынбасарларына қатаң ескерту …
Подробнее...Қаңтар оқиғаларын тергеудің жаңа жай жапсарлары анықталды
Қаңтар оқиғаларын тергеудің жаңа жай жапсарлары. Бүгін ішкі істер министрлігі мен бас прокуратура кезекті брифингін берді. Жаппай тәртіпсіздік және билікті күшпен басып алу сондай-ақ терроризм актісі бойынша сотталғандарға қатысты ақпараттар мәлім болды. Мұның сыртында қылмыс жасау әрекеттерінің жаңа қырлары ашылуда. Мәселен, Алматы әуежайына шабуыл жасағандардың екеуі ұсталған. Қаңтардағы шабуылдар турасындағы өзге де жайттар мен тергеудің барысы жайлы дәстүрлі сюжетке кезек …
Подробнее...«Жалақымыз жүз мың болсын!»
Жалақымыз жүз мың болсын! Осылай деген елу шақты жұмысшы бүгін наразылығын білдірді. Теміржол ковзалында тер төгіп жүрген жандар талай жылғы еңбегіміз еленіп, айлығымыздың өсетін түрі жоқ дейді. Басшылыққа базынасын жеткізген жандар тапқанымыз кредит төлеп, ас — судан артылмайтын болды деп ызалы. Жауаптылардың да айтар уәжі бар. Тақырыпты әріптесім тарқатсын.
Подробнее...Қорқынышты жатақхана
Іргетасы сөгіліп, жертөлесі суға толып кеткен жатақхана тұрғындары арнамызға арыздарын жеткізді. Талайдан бері жөндеу жұмыстарын көрмеген баспаналарының су құбырлары шіріп кеткен екен. Алда-жалда жатақхананың қабырғасы опырылып, шатыры ұшып кетсе таңқалмаймыз дейді олар. Қақаған қыста қақыраған қабырғада күн кешіп жатқандармен тілшіміз Мұхтар Өміртай кездесіп қайтқан болатын.
Подробнее...Құрылыстағы қаза
Астанада құрылыста жүрген ер адам кенеттен қаза тапты. Үш баланың әкесі әдеттегідей кранның тізгінінде отырған екен. Оқыстан морт сынған алып техника азаматтың ажалына себепші болды. Әріптестері оның өліміне еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы себеп дейді. Яғни кран жүктің артық салмағын көтере алмай қалған. Бірақ істі тексеруді бастаған жауапты департамент бұл долбармен келіспейді. Құрылыста краны көп құлайтын қаладағы қайғылы жайттың жай — жапсарын …
Подробнее...Садақ атудан ел чемпионаты өтті
Садақ асынған 200-ден астам жан Түркістанда бас қосты. Өйткені мергендікті талап ететін спорт түрінен ел чемпионаты басталды мұнда. Киелі шаһарда оза шапқандар Азия кубогына жолдама алады. Олимпиада бағдарламасында бар спорт сайысына қатысушылардың нәтижелері де басқаша есептеледі. Ал әзірге Алматы облысының мергендері алда келе жатыр екен. Тілшімізді тыңдайық!
Подробнее...