6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

Сауда орындары тоналған

Біздің редакцияға «қаңтар оқиғасы» кезіндегі мародёрлардың іс-әрекетіне қатысты бейнежазбалар келіп түсіп жатыр. Соның бірінде Алматыдағы «Мобилка» сауда үйінің қалай тоналғаны жазылыпты. Ол жерде де бірнеше кәсіпкер зардап шегіп, миллиондаған теңге шығынға батқан. Қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні бұзақылар негізінен қымбат смартфондар мен аксессуарларды алып кеткен. Видеодан дүкен сөрелерінің тас-талқаны шығып, қирап жатқанын, бос қораптарды көруге болады. Бүгінгі күні барлық сатушылар …

Подробнее...

Қаңтар оқиғаларында үш мыңнан аса тәртіп сақшысы жапа шеккен

Қаңтар оқиғалары кезінде 3037 полицей мен Ұлттық гвардия сарбаздары жапа шекті. Бүгінде ауыр жараланған 107 адам ауруханада. Солардың бірі — аға лейтенант Ғазиз Нұрғалымов. Ол Алматыдағы Әуезов аудандық полиция басқармасында учаскелік инспектор. Ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Погондыларға тап берген қалың топтың ортасында қалып, аяусыз соққыға жығылған

Подробнее...

Ақтөбеде мектеп оқушылары өртеніп кете жаздады

Мектептің қырыққа жуық оқушысы өртеніп кете жаздады. Ұл — қыздар мінген автобус аяқ астынан түтіндеп, артынша тарс еткен дыбыс шыққан. Абырой болғанда, қатты қорыққан балаларды жүргізуші мен тәрбиеші сыртқа шығарып үлгерген. Мұны естіген ата — аналардың есі шығып, білім ордасына ағылыпты. Автобустың ақауы барын мектептегілер бұрыннан білген. Әріптесім Ақбаян Сұлтанмұратова мән — жайды анықтап қайтты.

Подробнее...

Ауыттың кесірінен денсаулығы нашарлаған

Алматыда сот жұмысын тоқтату туралы шешім шығарған бетон зауыты әлі күнге жұмыс істеп тұр. Осылай деген тұрғындар кәсіпорынның қызметін тоқтатуды талап етуде. Өйткені күндіз-түні дүрсілден зәреміз ұшып, қалың шаңның ортасында қалдық дейді. Салдарынан балалары да, өздері де жиі ауыратын болған. Дәрігерлер бұл жерден шұғыл көшіңдер деп отыр екен. Қауіпті аумақта тұрып жатқандардың жанайқайы жайлы тілшіміз тарқатады.

Подробнее...

Елорда іргесінде мектеп жетіспейді

Жылаған ана, қиналған бала. Астана іргесіндегі ауылдың ұл — қыздары күйзелісте жүр.Мыңдаған оқушының жартысы аузы — мұрнына толған мектепте оқуға мәжбүр болса, қалғаны қалаға қатынауда. Оқу ордасының жетіспеушілігінен күніне 4 сағатын жолға жұмсайтындары тағы бар. Елдімекендегі балалар білім алу үшін неге азапталуы тиіс? Жыл сайынғы мәселенің шешілер күні қашан? Қайыркен Отыншыны тыңдайық

Подробнее...

Түркістан облысының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Қара судан тарығып, арық суына «қарқ» болып отырмыз. Тіршілік нәріне жарымаған Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғындары осылай дабыл қақты. Қоқыс полигоны жанынан ағып өтетін лай суды ішуге мәжбүрміз дейді. Ал су тасушылардың әкелген суын сатып алуға көбінің жағдайы келмейді. Жергілікті атқамінерлер болса мұны бос сөз деп отыр. Тараптардың тартысын тілшіміз тарқатсын.

Подробнее...

Қаңтар қасіреті: қамауға алынған бірқатар азаматтар босатылды

Қаңтардағы қырғында еліміздің медицина мекемелеріне де шабуыл жасалды. Жалпы бұл туралы әлеуметтік желідегі түрлі видеолардан мәлім болып келсе, бүгін құзырлы ведомство фактілермен бөлісті. Денсаулық сақтау нысандарына 20 шабуыл жасалыпты. Сондай-ақ, жапа шеккендер туралы да жаңа мәліметтер бар. Сюжет қарайық.

Подробнее...

Президент: «Қаңтар қасіретіне қатысты халықтан ештеңені жасырып қалмаймыз»

Қаңтар қасіретіне қатысты халықтан ештеңені жасырып қалмаймыз. Бәрі міндетті түрде айтылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық арнаға берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Президент бұл төңкерісті халқымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің тұтастығына төнген қауіп деп бағалады. Бұдан бөлек, «шаш ал десе бас алатындардың» әрекетінен хабардармын деген Қасым-Жомарт Тотқаев, кінәсіз азаматтардың құқы міндетті түрде қорғалатынын жеткізді. Президент күллі елдің көкейінде жүрген бірқатар мәселеге тоқталды. …

Подробнее...

Полицейлерді аяусыз соққыға жыққан

аңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер тез тұтанатын қоспасы бар құтыны былай қойып, күштік құрылымдардан тартып алған қару-жарақтарды қолданған. Алматыда түсірілген мына кадрларға мұқият қарасаңыз, үш ер адамның тәртіп сақшысын ұстап алып, ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Біреуі тіпті қалқанды қорған етіп, басына дулыға киіп алған. Мына жерде де бірнеше адам топтасып, құқық қорғаушылар мен әскерилерді таяқтап жатыр. Тағы бір кадрда сарбаздар …

Подробнее...

Қаңтар оқиғаларында 1726 бейбіт тұрғын жапа шекті

Қаралы қаңтар оқиғалары бейбіт митингтерді жаппай тәртіпсіздікке ұластырумен шектелген жоқ. Толқулар басылғанымен ғаламторда ақпараттық соғыс жалғасты. Ол көрінеу жалған өсек, қауесеттерді шындай етіп жариялау арқылы көрініс тапты. Фейкке сенбеңіздер деп мәлімдеуде еліміздің Ішкі істер министрлігі. Прокуратура мен полицияның кезекті брифингінде жаңа деректер жария болды. Келесі материалда толығырақ.

Подробнее...
X