6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

Сарбазды басып өлтірген қызылордалық ұсталды

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әскери КамАЗды тартып алып, жүк көлігімен Ұлттық ұлан сарбазын басып өлтірген қызылордалық ұсталды. Мына видеодан бүлікшілердің қолдауымен, бұзақы тізгіндеген КамАЗ-дың әскерилердің шебін бұзуға жүйткіп келе жатқаны анық көрінеді. Өкінішке қарай, қатардағы жауынгер Мадияр Қайсаров қашып үлгермей, ауыр техника оны жаншып өткен. 19 жастағы сарбаз оқиға орнында көз жұмды. Марқұм бір отбьасының жалғыз ұлы болған.

Подробнее...

Алтай Көлгінов басқаратын әкімдік тағы да дауға қалды

Алтай Көлгінов басқаратын әкімдік тағы да дауға қалды. Нұр-Сұлтан шенеуніктері 40 жылдық тарихы бар ЦУМ-ды 10 миллиард теңгеге жуық сомаға сатып алған. Жарайды, ақжағалыларға дүкен керек болған шығар деуге де болар еді. Алайда биліктегілер нысанды аларда мемлекеттік сатып алу ережесін бұзып, мәслихатпен еш келісілмепті. Дегенмен, шенеуніктердің бұған жауаптары бар. Ол қандай? Нұржан Сәдірбай жалғастырады.

Подробнее...

Атыраудағы бүлік: әскери қызметкерлерді көлікпен қаққан

Мәселен мына видео 5 қаңтар күні Атырауда түсірілген. Онда бүлікшілердің облыс әкімдігі ғимаратын қорғауға тартылған полиция қызметкерлерін ұрып-соғып жатқаны түсірілген. Полицейлерді бар күшімен бастарынан соғып, кейін аяқпен беттерінен тепкені анық көрініп тұр. Әскери қызметкерлерді көлікпен қағып, бір адамға он-ондап шабуыл жасаған сәттерді де әлдекімдер ұялы телефонына таспалап алған. Енді бұл кадрлар бүлікшілердің кінәсін дәлелдеп, оларға тиісті жаза тағайындау кезінде бұлтартпас …

Подробнее...

Терроризммен күрестің жаңа бағдарламасы керек

Терроризммен күрестің жаңа бағдарламасы керек. Депутат Сенат отырысында Премьер-Министрге осындай сауал жолдады. Сұлтан Дүйсембиновтың сөзінше, Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бағдарлама нәтижесін берген жоқ. Оған – Қаңтар қасіреті дәлел. Теріс ағымның жетегінде кеткендер мен қылмыстық топтар халықтың наразылығын сылтау ретінде пайдаланып, ел тыныштығын бұзғанын еске салды ол.

Подробнее...

Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғасы кезінде түсірілген тағы жаңа кадрларды жариялады

Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғасы кезінде түсірілген тағы жаңа кадрларды жариялады. Мәселен мына видео 5 қаңтар күні Атырауда түсірілген. Онда бүлікшілердің облыс әкімдігі ғимаратын қорғауға тартылған полиция қызметкерлерін ұрып-соғып жатқаны түсірілген. Полицейлерді бар күшімен бастарынан соғып, кейін аяқпен беттерінен тепкені анық көрініп тұр. Әскери қызметкерлерді көлікпен қағып, бір адамға он-ондап шабуыл жасаған сәттерді де әлдекімдер ұялы телефонына таспалап алған. Енді …

Подробнее...

«Қаңтар қасіреті» бойынша жаңа деректер

«Қаңтар қасіреті» бойынша жаңа деректер. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 1726 бейбіт тұрғын жапа шекті. Олардың көбісі оқ, пышақ жарақаттарымен ауруханаға түскен. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жарланған полиция мен әскерилер саны үш мыңнан асады. Олардың 273-і әлі ауруханада. Бір бөлігі әлі жансақтау бөлімдерінен шыққан жоқ. Көбі мүгедек болып қалған. Өкінішке қарай олар жұмысқа қайтып келе алмайды.

Подробнее...

Ұлттық ұлан сарбазын басып өлтірген қызылордалық ұсталды

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әскери КамАЗды тартып алып, жүк көлігімен Ұлттық ұлан сарбазын басып өлтірген қызылордалық ұсталды. Мына видеодан бүлікшілердің қолдауымен, бұзақы тізгіндеген КамАЗ-дың әскерилердің шебін бұзуға жүйткіп келе жатқаны анық көрінеді. Өкінішке қарай, қатардағы жауынгер Мадияр Қайсаров қашып үлгермей, ауыр техника оны жаншып өткен. 19 жастағы сарбаз оқиға орнында көз жұмды. Марқұм бір отбьасының жалғыз ұлы болған.

Подробнее...

Түркістан облысында екі адамнан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді

Түркістан облысында екі адамнан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Олар Созақ ауданының тұрғындары болып шықты. Бірінің үйін тінту кезінде АК-47 маркалы тапанша, 8 оқ-дәрі, екі пневматикалық винтовка, 16 калибрлі аңшы мылтығы, электрошокер және 2 атыс гильзасы табылды. Екінші күдіктінің тұрғынжайынан тәртіп сақшылары заттай дәлел ретінде оқ-дәрілерді тәркіледі.

Подробнее...

«Қаралы қаңтарда» қаналған кәсіп иелері қандай шағым айтты?

Алматыда қаңтар қақтығысынан зардап шеккен кәсіпкерлерге бір миллиард теңгеден астам өтемақы төленді. Бірақ мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алмай отырған бизнес иелері бар. Олар көмектен қағылғандықтан жұмыссыз қалып, шығынға белшесінен батқан. Кәсібін дөңгелеткен жандарға неге жәрдем жоқ? Әкімдік мұны қалай түсіндірді? Ұлан Тәліпбай тарқатсын.

Подробнее...

Қарлы боран қандай қауіп әкелді?

Ақпандағы апокалипсис. Кешелі — бері жүздеген көлік жолда қаңтарылды. Еліміздің үш аймағында ауаның райы күрт өзгеріп, бұрқасыннан жолдың беті көрінбей қалған. Республикамызда трассамен қатынау қиындап тұр. Қар құрсауында қалған жандарды «төтеншеліктер» құтқаруға барын салыпты. Ақтүтектегі арпалысты әріптесім айтып берсін.

Подробнее...
X