6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

Әр шенеуніктің шығысы мен кірісі тексеріледі

Табысын жасыратын мемлекеттік қызметкерлер үшін жағымсыз жаңалық. Енді қымбат дүниеңізді енеңіздің не әйеліңіздің атына жазып қою сізді жазадан құтқармайды. Бұдан былай әр шенеуніктің шығысы мен кірісі тексеріледі. Тапқан табысынан, жұмсаған ақшасы артық болса айыппұл төлейді, тіпті 3 жылға дейін жұмыстан шеттетіледі. Бүгін Мәжілісте қаралған жаңа заңның бір ұшы қарапайым халыққа да тиеді. Бұл жайында Берік Байғара баяндайды.

Подробнее...

Газ баллоны жарылып, бүтін бір үй үйіндіге айналды

Шымкентте үйде отырған қызы мен анасы ауруханадан бір — ақ шықты. Алты жасар жеткіншек жансақтау бөліміне жатқызылған. Ал келіншектің жадғайы жаман емес. Ойда — жоқта оқыс жайтқа тап болған отбасының енді барар жері жоқ. Туыстарын жағалауға мәжбүр. Сонда аядай үйдің ішінде не болған? Куәгерлермен тілшіміз тілдесіп қайтты.

Подробнее...

1 млрд-қа салынған мектептің сапасы сын көтермейді

Құны қымбат, бірақ сапа жоқ! Қызылорда қаласында 1 миллиард теңгеге салынып, былтыр ғана пайдалануға берілген мектеп халықтың көңілінен шықпай отыр. Жаңа білім ордасында лифт істемей тұр. Спор алаңдары стандартқа сай емес. Басқа да кемшіліктері жетіп артылады. Осыны айтып шағымданған ата-аналардың арызынан кейін мобильдік топ құрылып, оқу орнын тексерген. Кемшіліктердің көп болғаны соншалық мердігерлер қайта жөндеу жұмыстарын жүргізбек. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Подробнее...

Боранда қалып қойғандар құтқарылды

Бұрқасын мен боранда еліміздің әр өңірінде қар құрсауында қалып қойғандар құтқарылып жатыр. Төтенше жағдай қызметкерлері күні-түні тынбай тер төгіп, жолда қалғандарға жәрдем етуде. Десе де жауаптылар жолаушыларға жолға шықпас бұрын ауа-райы болжамына көз қырын салуды тапсырады. Тілшіміз Мұхтар Өміртай төтеншеліктермен бірге бақылау жұмыстарына барып қайтқан болатын.

Подробнее...

Ақтөбеде жедел жәрдем жүргізушілері жалақыға жарымай жүр

«Жұмысқа шықпаймыз!» Ақтөбеде жедел жәрдем бекетінің жүргізушілері басшыларына наразылықтарын айтты. Олардың жалақыны өсіруді сұрағанына төрт жыл болған. Бірақ, жылдар өтсе де, айлығымыз шайлығымызға жетпей жүр деп шағымданды. Осы уақытқа дейін инвесторлардың басқаруында болған бекет жұмысшыларының талабы орындала ма? Бұған басшылық қандай уәж айтты?

Подробнее...

«Маугли» балалар оқиғасы: әкімдер сөгіс алды

Екібастұз бен Ақсу қалаларының әкімдері қатаң сөгіс алды. Шенеуніктер әкімдік ғимаратынан бес аттам жердегі маугли балалардың жайынан бейхабар болған. Павлодар облысының әкімі сондай-ақ бүлдіршіндердің мұндай адам шошырлық күйге түсуіне әлеуметтік қорғау өкілдері мен денсаулық, білім саласына жауаптылар да кінәлі деп есептейді.

Подробнее...

«Шаңырақ» бағдарламасының шарапаты: тұрғындар бір бөлмеде бүрісіп отыр

Шымкенттік шенеуніктерге сенбейтін тұрғындар, президент әкімшілігінен көмек сұрайды. Яғни, «Шаңырақ» бағдарламасымен үйлі болған жұрт, әлі күнге дейін шаңырақтарында жылулықты сезбей келеді. Себебі, пәтер құрылысының сапасы сын көтермейді. Қақаған қыста бүрсең қағып, бір бөлмеде тығылып отыруға мәжбүр екен. Ал, жағдайларын айтып атқа мінерлерге шағымданғанымен мәселенің шешілетін түрі жоқ деп ашынып отыр.

Подробнее...

Криптовалюта кесапаты

Алматылық жігіт криптовалюта сатып алымын деп, 100 мың долларға тақырға тақырға отырды. Не алған сандық ақшасы жақ. Не қомақты қаражатын кері қайтара алмауда. Барлық құзырлы органдарға шағымданғанымен нәтиже шамалы. Ол бұл істе криптовалютаны сатқан адам мен полицейлердің ым-жымы бір деп отыр. Ал тәртіп сақшыларының бұған қатысты өз уәжі бар. Тілшіміз толықтырады.

Подробнее...

Алдағы күндері ауа-райы құбылмалы болады

Ауа-райының құбылмалы мінезі тұрғындарға қиын соғып жатыр. Еліміздің басым бөлігінде боран соғып, қар құрсауында қалып кеткен көліктер көп. Көктайғақта көлігін басқара алмай қаза болған жүргізушілер мен тіл тартпай кеткен жолаушылар да бар. Тілшіміз Мұхтар Өміртай табиғаттың тосын мінезі қашан са басына түсетінін синоптиктерден біліп қайтқан еді.

Подробнее...

Әкенің зары

«Бар шындықты білсем болғаны, ешкімге кінә артпаймын.» Бұл қаңтар қасіретінде ұлынан айырылып қалған әкесінің ендігі арманы. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара академиясының 2-ші курс студенті Дәулет Жұпарбеков қанды қақтығыс кезінде мәңгілік сапарға аттанып кеткен. Алайда, ет жақындары ұлының өліміне қатысты шынайы деректерді әлі күнге дейін біле алмай отырғандарын айтады. Жақында ғана 19 жасқа толған баласының бұл ең соңғы туған күні екенін …

Подробнее...
X