0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Жалақыға жарымай жүрген контролерлердің базынасы

Жалақымыз мардымсыз! Ақтөбеде үй аралап, коммуналдық мекемелердің түбіртегін тарататын контролерлер базынасын айтты. Оларды аудандардағы әріптестері де қолдады. Осылайша, 179 жұмысшы басшылық талабымызға құлақ аспайынша, абоненттерден ақпарат жинап, түбіртекті жинауды тоқтатамыз деп отыр. Тараптар қандай мәмілеге келді?

Подробнее...

Білдей министрлікте қазақшаға сауатты маман жоқ

Ұлттық экономика министрлігінде қазақшаға сауатты маман жоқ. Соның салдарынан жаңа заң жобасы ведомстваның сөресінде 5 жыл бойы сүрленіп жатқан. Айтып отырғанымыз қазақстандықтардың АҚШ-тағы шоттарын бақылауға мүмкіндік беретін құжат жайында. Сенаторлар бүгін аталмыш заңды қабылдады. Бұдан былай жиған-тергенін мұхиттың ар жағына асырғандарға тықыр таянады. Толығырақ Айғаным Достанбайдың материалында.

Подробнее...

Ойынқұмар әйелдердің саны артты

Еркек – түзде, бала – үйде, әйел – букмекер кеңседе. Иә, соңғы уақытта елде жеңіл ақшаның жетегіне ерген еркектер емес, ойынқұмар әйелдер көбейіп барады. Мамандар осылай деп дабыл қағып отыр. Қит етсе қалтадағы бар ақшасын букмекер кеңсесіне тігіп, бәске бар жиғанын жұмсайтындар жайы бүгін Сенатта да айтылды. Маржан Нүсіпбектің материалын көрейік.

Подробнее...

Абайлаңыз, фейк! Мандариннің ішінен қан шықты

Заманына қарай айласы. Өзін зейнетақы қорының қызметкерімін деп таныстырып, жинақтағы қаржыны тұрғын үйге я ем алуға қиындықсыз аудару үшін, белгілі бір сумма төлеуіңізді ұсынса, тұтқаны бірден қойыңыз. Бұл – алаяқтар. Қазірдің өзінде 30-ға отандасымыз сан соғып қалған екен. Қордағы қаржыны мерзімінен бұрын шешу бойынша кеңестің кез-келген түрі тегін жүргізіледі. Ал соңғы ресми ақпарат еnpf.kz сайтында жарияланып отырады

Подробнее...

«Қаралы қаңтарда» қаналған кәспкерлер не дейді?

Алматыдағы СТО-да істейтін жігіттер Италияның «Гуччиі» мен француздардың «Шанелінен» киініп жүр. Шұлығының өзі мың доллардан кем түспейтін киім — кешек қарапайым жұмысшыларда қайдан дерсіз? Өздерінен де сұрадық. Ең қызығы көлік жөндеп, темір тұлпар жуатын жандар қаңтар оқиғасынан соң сәнді киіне бастаған. Бұл сәйкестік пе? Жалпы тоналған бутиктер мен кәсіпкерлерге келген шығын қалай өтеліп жатыр? Миллиондаған тауарынан айырылған бизнесмендерге мемлекет тарапынан …

Подробнее...

6,5 миллиард теңгеге ипподром салынбақ

6,5 миллиард теңгеге ипподром салынбақ. Бағасы қымбат нысан Нұр -Сұлтанда бой көтереді. Қала әкімдігі бұл орынды мүмкіндігі шектеулі балалар үшін салмақ екен. Бірақ бұл бастамаға қалалық мәслихат депутаты үзілді — кесілді қарсы.Себебі неде? Ұл — қыздардың денсаулығын арттыруға арналған жобада қандай шикілік бар? Алпамыс Файзолла айтсын.

Подробнее...

Үлескерлер үш жылдан бері үйлерін ала алмай жүр

Үмітпен өткен үш жыл! Талдықорғанда төзімі таусылған бір топ үлескер шу шығарды. Жылдап жинаған ақшаларын серіктестікке аманаттағандар енді қашан үй аламыз деп армандаумен айлар өткізуде. Базынасын айтып бармаған жері жоқ. Баспана салып береміз деген компанияны сотқа да сүйрепті. Нәтиже нөл. Амалы азайып, азабы көбейген тұрғындар журналистерге жанайқайын жеткізіп, Президенттен көмек сұрады.

Подробнее...

Қарды сілкіп түсіру үшін қыруар қаржы жұмсалады

Ағашқа қонған қарды сілкуге қазынадан миллиондар бөлінетінін біліп пе едіңіз? Ақ ұлпа астында қалатын теріскейдегі өңірлерді қайдам, Шымкентте шынымен мұндай шаруа бар екен. Тіпті жыл сайын жүзеге асып отырады. Үшінші меголполисте биылдыққа бір — екі рет қар қылаулаған. Ал бұл іске қаражат былтыр бөлініп қойыпты. Сонда тал — терек ақ ұлпадан ада болса, ақша қайда жұмсалады? Бұл жұмыспен кімдер айналысады? …

Подробнее...

Базар басшылары президент сөзін пысқырмай ма?

Алматыдағы базардың басшылығы Президенттің сөзін пысқырмайды екен. Әңгіме «Барыс — 4» турасында. Ондағы саудагерлер осылай деп отыр. Сөредегі заттың бағасын қожайындары өздері белгілеп, тізімдегі тауарды ғана алуды талап еткен. Кесірінен ас — су, киім — кешектің құны қымбаттап, қарапайым халықтың қалтасын қағуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына мыңқ етпейтін кәсіпкер кім? БН аталып кеткен сауда маркасы қайдан шықты? Тілшімізді тыңдайық!

Подробнее...

Прокурор мәлімдемесі: жаппай тәртіпсіздікке байланысты 467 адам ұсталды

Қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысып, лаңкестік әрекет ұйымдастырды деген күдікпен 467 адам ұсталды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте арнайы прокурорлар қызметінің басшысы осылай мәлімдеді. Оның сөзінше, ұсталған азаматтардың жеке басы, отбасылық жағдайы мен істеген ісіне көзқарасы және басқа да деректері мұқият тексеріледі. Бүгінде аталған осы факторлар жіті қадағаланып, 76 күдікті тергеу изоляторынан босатылған. Жаға ұстатарлық тағы бір дерек, халықты қан …

Подробнее...
X