Қызылордадағы «Қаңтар қасіреті» кезінен тың видеолар жарияланды. Мұнда бейбіт шерудің арты қалай дүрбелеңге ұласып кеткендігі көрсетілген. Бастапқыда, яғни, 4 қаңтар күні Сыр елінің халқы Жаңаөзендіктерді қолдап, алаңға шыққан болатын. Облыс әкімі халықты бірлікке шақыруға тырысады, алайда жиналған қауым тыңдамаған. Артынша, 5 қаңтар күні қалада дүрбелең басталған. Бүлікшілер орталыққа жиналып, қаладағы жолды жапқан. Сол кезде бір топ адам күштік құрылымға қарсылық …
Подробнее...Новости
«Көпірме есеп пен көзбояушылық». Үкіметтің кеңейтілген отырысында президенттің сынана қалған кімдер?
Жалған есеп пен көпірме көрсеткіш. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент көзбояушылыққа әуес әкімдерді сынады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, орташа жалақы өсіп жатыр деп жар салуға құмармыз, ал шынтуайтында елімізде 1 миллионға жуық адамның табысы 36 мың теңгеге де жетпейді. Сондай-ақ былтыр Қазақстан бойынша 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салынғаны Мемлекет басшысының күмәнін тудырды. Әкімдер асыра сілтеп, ескі үйлер мен саяжайларды да …
Подробнее...Алматыда көктайғақ коллапсында жиырмадан астам көлік апатқа ұшырады
Бүгін Алматы көшелері қауіпті аумаққа айналды. Сырғыған көлік, шошынған жұрт және бұл көріністі камераға түсіруге асыққан жандардың қарасы көбейді. Көктайғақ коллапсында жиырмадан астам автомобиль апатқа ұшырапты. Онсыз да кептелістен көз ашпаған мегополис тұрғындары коммуналдық мекемелерді жерден алып, жерге салып жатыр. Енді темір тұлпарлары бүлінген жандар бар шығынды қала әкімдігінен өтеп алмақ.
Подробнее...Еті жоқ сорпа ішіп, шеті жоқ мәселелерден мазасы қашқан қариялар
Қарияларымыздың қарны ашып жүр. Иә, тура мағынасында. Семейдегі қарттар үйінің тұрғындары шіріген ас жеп, шыдамы таусылғандарын айтты. Тағамнан тарыққандары былай тұрсын, кейде дәрі — дәрмекті өздері сатып алатын көрінеді. Дәрігерлер де жұмысына жауапсыз екен. Онсыз да ұл — қызының қамқорлығынан кенде қалған жандар үшін бұл ауыр соққы болып отыр. Ал мекеменің өзі былтыр қазан айында 5 миллион теңгеге келісімшарт жасапты. …
Подробнее...Әділетсіздікпен әлек болуы тиіс полицей тұрғындардың малын қайтармай жүр
Қылмысқа қарсы тұрып, әділетсіздікпен әлек болуы тиіс полицей тұрғындардың малын қайтармай жүр. Осылай деген бір топ жан арнамызға арызданды. Айтуларынша, шаруа қожалығына аманатталған ірі қаралары аяқ астынан жоғалып, кейбірінің жылқылары әлі жайылымда жүрген көрінеді. Бірақ қожалықтың қожайыны өзіне табысталған түліктің ақшасын да өтемей, жұрттың тірі жүрген малын кері қайтарудан бас тартқан. Құзырлы органдар қол қусырып, жұмған ауыздарын ашпайтын көрінеді. Жоғалған …
Подробнее...Банк пен тұрғын арасындағы дау
Банк жабылса да бітпеген дау. 2018 жылы лицензиясынан айырылған «Казинвестбанктың» тарату комиссиясы жұмысын тоқтатуға ниетті емес. Олар бұған дейін қаржы институтының балансында болған деген желеумен пәтерлер мен ғимараттарды даулап, азаматтарға қырғидай тиюде. Осындай мәселемен елордалық тұрғын бетпе-бет келіпті. Міне, 2 жылдан бері банк өкілдерімен соттасып жүр екен. Бұған әлдеқашан екінші деңгейлі банктердің тізімінен сызылып, халықтың жадынан өшіп кеткен қаржы институтының …
Подробнее...Атырауда зар жылаған ата — аналар шу шығарды
Балаларымыздың өліміне дәрігерлер кінәлі! Атырау облысында осылай деп зар жылаған ата — аналар шу шығарды. Балалар ауруханасының алдына жиналған жандардың жағдайы жүрек сыздатарлық. Науқас ұл — қыздары емдеу мекемесіне түскенде ақ халаттылар атүсті қарап, ауруларын асқындырып жіберіпті. Мұнайлы өлкедегілер мұңын айтып денсаулық министрлігіне де хат жазыпты. Ал аймақтағы денсаулық сақтау басқармасы мәселені білсе де былқ етпейтін көрінеді. Сюжетте толығырақ!
Подробнее...Қайырымды жандар қос отбасын қуантты
Жүргізуші: Көп түкірсе — көл! Арыс қаласында қайырымды жандар асарлатып жүріп қос отбасын қуантты. Әкімдік бастап, қоғамдық қор қостап, демеушілер қаржылай көмектесіп баспана тұрғызып беріпті. 11 баласы бар екі жанұя енді бір ауладағы қос зәулім үйде тұратын болады. Жомарт жандар мұнымен тоқтамақ емес. Алдағы уақытта тағы бірнеше мұқтаж жан күтпеген жерден үйлі болуы мүмкін. Толғырақ тілші тарқатады.
Подробнее...Қаңтар оқиғасына қатысты қамалғандардың түрмедегі жағдайы қалай?
Қаңтар оқиғасына қатысты қамалған күдіктілердің түрмедегі жағдайы қалай? Олардың көзбен көру үшін астанадан бір топ Парламент депутаттары ат терлетіп Алматыға барды. Заң шығарушы орган өкілдері жазықсыз жандарға көмек бере ме? Асқар Серғалиев жалғастырсын.
Подробнее...Квартиранттарға 50 пайыздық субсидия қалай төленеді?
Времянканы жағалап, жан бағып жүрген квартиранттарға 50 пайыздық субсидия қалай төленеді? Мемлекеттің қолдауына ие болуы үшін кім қандай баспанада тұрды, сол үйдің жалдай беруіне болады. Қарашаның қамы үшін жасалған бағдарлама іске қосылса, пәтерақы тағы қымбаттап кетпей ме? Жаңа бастама жайлы келесі сюжетте толығырақ.
Подробнее...