18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

Қазақ жұрты әдебиет классигі, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасты

Бүгін Қазақ жұрты әдебиет классигі, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасты. Бар ғұмырын қазақ әдебиеті мен руханиятына арнаған тұлғаны қалың оқырман қимастықпен ақтық сапарға шығарып салды. Оқырманға «Қан мен тер», «Соңғы парыз», «Күткен күн» шығармалары секілді өшпес мол мұра қалдырған қаламгер биыл 98-ге толар еді.

Подробнее...

Қызылорда тұрғындары үйінен шығуға үрейленіп жүр

Жүргізуші: Бүтін бір шағын аудан тұрғындары үйінен шығуға үрейленіп жүр. Кәдімгі қорқынышты фильмдегідей өмір сүріп жатырмыз дейді. Мәселесін айтып тиісті мекемелерге де барған. Бірақ еш нәтиже жоқ. Қызылордаға қарасты ауданның адамдары айдың — күннің аманында неден сескенеді? «Көшедегі толған қауіптен құтылар күн қашан?» деген жандармен Жанғали Ысқақ тілдесіп қайтты.

Подробнее...

4 жастағы егіздер ыстан уланып, көз жұмды

Ақтөбе облысында үйде қалған 4 жастағы егіздер ыстан уланып, қайтыс болды. Қайғылы жағдай Қобда ауданының Қызылжар ауылында болды. Өрт шыққан сәтте егіз ұл мен қыз үйде жалғыз өздері болған екен. Жұмысқа шыққан аналары оларды сыртынан құлыптап кетіпті.

Подробнее...

Көмек берем десеңіз…

«Қазақстан халқына» қорының www.qazaqstanhalqyna.kz сайты іске қосылды. Онда көмекке мұқтаж жандардың өтінішті қалай қалдыра алатыны көрсетілген. Ол үшін «Өтінішті қалай бере аламын» бөлімін өту керек. Сол кезде көмекке зәру азамат автоматты түрде қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платформасына айналған «atamekenim.kz» порталына өтеді. Ал берілген өтініштерді әлеуметтік осал топтағы жандармен тікелей жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым өкілдері өңдейді. Өтініштерді қарау үшін қор қызметінің …

Подробнее...

Бейжіңдегі қысқы олимпиада ойындары басталды

Бүгін Бейжің төрінде төрткүл дүние көз тіккен Қысқы олимпиада ойындары ресми түрде басталды. Ақ олимпиаданың салтанатты ашылуына құрметті қонақ ретінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысуда. Жалпы, жарысқа 50-ден астам елдің лауазымды тұлғалары келген. Сондай-ақ, додаға 90-нан астам елдің атлеттері бақ сынауға лицензия жеңіп алған. Бұл қысқы ойындар тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Шығыстағы көршіміздің өз тарихындағы екінші Олимпиадаға дайындығы қалай? Байрақты …

Подробнее...

Ұрылардың саусағын кесіп тастау керек!

«Ұрылардың саусағын кесіп тастау керек!» Бұл Шымкенттегі «Асар-2» шағын ауданы тұрғындарының жанайқайы. Себебі, жылдар бойы қолының сұғанағы барлар үйлерін тонап, тыныш өмірлерінің шырқын бұзған. Тіпті, соңғы айларда ұрлау фактілері жиілеп кетіпті. Бірақ пагондылар ешқандай шара қолданбай, жайбарақат жүргесін жұрттың ызасына тиген. Жағдайларын айтып жиналған халықпен Ғалымжан Кенжебек тілдесіп қайтты.

Подробнее...

Ақпан трагедиясына 3 жыл. Не өзгерді?

Ақтөбе облысында бір үйдің қос баласы бақилық болып, отбасы қара жамылып жатса, осыдан үш жы бұрын, дәл осы күні бес бірдей періште көз жұмған еді. Олар да қызыл жалынның ортасында қалып, түтінге тұншықты. Айдың күннің аманында жер қойнына тапсырылған бір үйдің бес бүлдіршіні — елде жылдар бойы жиналған көптеген әлеуметтік мәселенің бетін ашқандай болды. Жәрдемақының аздығы, баспананың жоқтығы, жылдар бойы …

Подробнее...

Еріктілердің қамқорлығы

Алматылық еріктілер төтенше жағдай кезінде 20 мың порция тамақ әзірлеген. Бұл бір ғана еріктілер ұйымының қамқорлығы. Одан бөлек, алматылықтар жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алғандарға жәрдемдесіп, одан кейін қаланы қалпына келтіруге қол ұшын созуда. Бейбіт күннің жауынгерлерімен таныстыруды жалғастырамыз. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Подробнее...

ҰБТ тәртібі бұрынғыдан да қиындай түспек

Ұлттық бірыңғай тестілеу тәртібі бұрынғыдан да қиындай түспек. Білім және ғылым министрі ведомстваның аппараттық жиналысында қосымша талаптарды түсіндіре кетті. Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, ҰБТ жылдағыдай электронды форматта өтеді. Басты жаңашылдық – талапкерлерді бақылап отыратын камералар санының көбейетіні. Егер бұған дейін бір ғана камера болса, енді жеке сәйкестендірумен айналысатын және белгілі бір уақыттан кейін компьютерде кімнің отырғанын жазып алатын екінші камера орнатылады. …

Подробнее...

Газ, бензин арзандай ма?

Газ, бензин, дизельдің бағасын қымбаттатып жіберетін делдал компаниялар жақында жоғалады. Олар мемлекет бағаны тұрақтандыру үшін бекіткен 6 айдын ішінде өздері-ақ ойыннан шығып қалуы ықтимал. Енді бірде-бір жанармай құю не жинақтау стансалары жоқ компаниялар, зауыттан шыққан арзан отынды тұтынушыға жеткізіп қана миллиондап пайда таба алмайды. Сонымен қатар, жасанды жоқшылықты туғызатын «мұнай өңдеу зауыттарын» жөндеуге тоқтату тыйылмақ.

Подробнее...
X